Жақып Қажманұлы Асанов (17 тамыз 1963, Қызылорда) — қазақстандық саясаткер және заңгер, заң ғылымдарының кандидаты және II дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі. 2026 жылдан бастап — Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы. 2023–2026 жылдары Парламент Сенаты төрағасының орынбасары, 2017–2022 жылдары Жоғарғы сот төрағасы, 2016–2017 жылдары Бас прокурор.
Өмірбаяны С.М. Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1985), мамандығы - «Құқықтану». 1985 жылдан - Қызылорда облыстық қорғаушылар коллегиясының стажері. 1986 жылдан - Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі міндетін атқарушы, прокурордың аға көмекшісі, Қызылорда облысы прокуратура бөлімінің бастығы. 1993 жылдан - жалпы бақылау басқармасының аға прокуроры. 1993 жылдың қазан айынан - ҚР Бас прокуратурасының жалпы бақылау басқармасының бақылау органдарында банктер, қаржы-несие қатынастары туралы заңнаманың орындалуын қадағалау бойынша бөлім бастығы. 1995 жылдың қараша айынан - кеңесші. 1996 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігінің заңнама, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі. 1996 жылдан - ОҚО бойынша салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1997 жылдан - ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, бастықтың орынбасары, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар іс-әрекетіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы. 2001 жылдан - Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары. 2002 жылдан - Павлодар облысының прокуроры. 2003 жылдан - ҚР Әділет вице-министрі. 2005 жылдан - «Атамекен» одағы» ҚҰЭП атқарушы директоры. 2005 жылдың маусым айынан 2006 жылдың наурыз айына дейін - «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2006 жылдан - «Ордабасы» корпорациясы» АҚ президенті. 2007-2011 жж. – «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылғы қаңтардан бастап – «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылдың қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары. 2016 жылдың 25 сәуірінен - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры.Қазақстанның Бас прокуроры тағайындалды 2017 жылғы 11 желтоқсан - 2022 жылғы 8 желтоқсан аралығында Жоғарғы сот төрағасы болды. 2023 жылы 24 қаңтарда Президент Жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалып, 26 қаңтарда Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды. Сенатор және Сенат төрағасының орынбасары болып 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қызмет атқарды.АНЫҚТАМА. Асанов Жақып Қажыманұлы 2026 жылғы 9 мамырдан бастап — Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы.Президент Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасын тағайындады
Марапаттары «Құрмет» орденімен марапатталған. ҚР Прокуратурасының Құрметті қызметкері. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001).
Шендері Әділет аға кеңесшісі. Әскери атағы - аға лейтенант. Отбасы
Анасы - Асанова Зағипа, зейнеткер, тұтынушылық кооперация жүйесінің ардагері. Үйленген. Жұбайы - Асанова Зухра (1965 жылы туған), үй шаруасында. Ұлдары - Асанов Темір (1988 жылы туған), Асанов Ержан (1990 жылы туған); қызы - Асанова Ажар (2000 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Павлодар облысының прокурорлары Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің IV шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің V шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Бас Прокурорлары Санат:Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағалары Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Заң ғылымдарының кандидаттары