Сағынбек Хайдарұлы Мүташев - (1966 жылдың 25 тамызында туған, Орал облысы, Жәнібек (Батыс Қазақстан облысы) ) – бұрынғы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы.
Өмірбаяны 1966 жылы 25 тамызда Орал облысы Жәнібек ауданы Жәнібек (Батыс Қазақстан облысы)нда туған. Ұлты - қазақ. Әкесі - Муташев Хайдар Мұташұлы. Анасы - Жұмағалиева Маржан Дәулетқызы, зейнеткер, мектепте мұғалім болып жұмыс істеген.
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1990) бітірген, инженер-механик. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
1990 жылдан - «Оралмұнайгазгеология» өндірістік-геологиялық бірлестігінің Орал мұнара жөндеу кеңсесінің бас технологі, бас механигі.
1992 жылдан - «Қазақгаз» ТХК жетекші инженері, бас маманы, қаржылық жауапкершілік орталығының директоры.
1997 жылдан - Орал қаласы «Оралтрансгаз» АҚ бас директоры.
1998 жылдан - Алматы қаласы «Энергоцентр ЕС-Қазақстан» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.
1999 жылдың сәуірінен - БҚО Ақсай қаласы «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясы «Ақсайгазсервис» ААҚ президенті.
1999 жылдың қазанынан - БҚО Ақсай қаласы «Қазақойл» ААҚ президентінің кеңесшісі.
2000 жылдан - Орал қаласы «Оралоблгаз» ААҚ президенті.
2004 жылдан - БҚО Бөрлі ауданының әкімі.
2005 жылдан - Орал қаласының әкімі.
2008 жылдан - БҚО әкімінің кеңесшісі.
2009 жылдың наурызынан - 2012 жылға дейін - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы.
2012 жылдан бері - Мүташев ҚР үкіметімен халықаралық іздеуге жарияланған.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты 2-ші шақырылымының депутаты (2000-2004). Жеке өмірі Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Үйленген. Жұбайы - Мұстаяпова Алма Оспанқызы (1966 ж. т.). ¥лы - Мұташев Төребек Сағынбекұлы (1991 ж. т.); қызы - Мұташева Әсел Сағынбекқызы (1998 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар