Бұрынғы атауы Стартовый көшесі. Өлеңті көшесі Қызылой көшесімен қиылысып, А. Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 287,8 м.

Өлеңті - «жағасында өлеңшөбі қалың өсетін өзен» мағынасындағы атау, яғни шөп атауына байланысты шыққан. Өлеңті өзені Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өлеңті стансысының маңынан ағып өтеді.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері