Бисенғали Шамғалиұлы Тәжияқов (28 қараша, 1946 жыл, Түркіменстан, Ташауыз облысы, Ильялы кенті) - қоғам қайраткері, банкир.
Білімі Алматы есеп-несие техникумын (1967) несиелік инспектор мамандығы бойынша; Алматы халық шаруашылығы институтын (1972) «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмысы 1967 жылдан - КСРО Мемлекеттік банкі Ембі бөлімшесінің несиелік инспекторы, 1968 жылдан - Ақтөбе облыстық кеңсесінің ревизоры, аға ревизоры. 1972 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1973 жылдан - Ақтөбе облыстық кеңсесінің капиталдық салымдарды қаржылау бөлімінің аға экономисі, экономикалық-жоспарлау бөлімінің бастығы; 1982 жылдан - Гурьев облыстық кеңсесі басқарушысының орынбасары; 1985 жылдан - Қызылорда облыстық кеңсесінің басқарушысы, басқармасының бастығы. 1988 жылдан - КСРО Мембанкі Қазақ республикалық банкі төрағасының бірінші орынбасары. 1993 жылдан - Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары. 1996 жылдан - «Тұранбанк» ЖАҚ басқармасы төрағасының міндетін атқарушы. 1997 жылдың қаңтарынан - ҚР Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары. 1997 жылдың шілдесінен - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы. 1998 жылдан - ҚР Мемлекеттік кірістер министрінің міндетін атқарушы - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы. 1999 жылдан - ҚР Мемлекеттік кірістер вице-министрі. 1999 жылдың сәуірінен бері - ҚР Ұлттық банкі терағасының орынбасары. «ТұранӘлем» банкі» ЖАҚ Бақылау кеңесінің төрағасы (1997-1998). «KEGOC» ААҚ Директорлар кеңесінің (1999), «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. (2002-2006); «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің (2004 жылдан); «Қазақстандық ипотекалық несиелерді кепілдеу қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Жеке басты мағлұмат Үйленген. Жұбайы - Тәжияқова Гүлзина Сәрсенбайқызы. Ұлдары - Ержан (1975 ж. т.), Ғалымжан (1982 ж. т.); қызы -Данагүл (1977 ж. т.).
Марапаттаулары «Құрмет» (1996) ордені «Парасат» (2006) ордені «Астана» (1998) медалі «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2003) медалі «Тыңға 50 жыл» (2004) медалі «Қазақстан темір жолына 100 жыл» (2004) медалі «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медалі «КСРО Мембанкі үздігі» (1980) белгісі «ҚР ¥лттық банкі Еңбек сіңірген қызметкері» (2001) белгісі Қазақстан ЛКЖО обкомының (1971) құрмет грамотасы Мембанк басқармасы - мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподағы ОК (1971, 1977) құрмет грамотасы Мембанк облыстық кеңсесі - мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподағы обкомы (1975) құрмет грамотасы ҚР Президентінің (2006) алғыс хаты.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:28 қаңтарда туғандар Санат:1946 жылы туғандар Санат:Ташауыз облысында туғандар Санат:Жаңа экономикалық университеті түлектері Санат:Қазақстан банкирлері Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Тыңға 50 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан темір жолына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:КСРО Мемлекеттік банкі үздіктері Санат:Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрметті қызметкерлері