thumb|Ерғазы Мейірғалиұлы Нұрғалиев Ерғазы Мейірғалиұлы Нұрғалиев (4.06.1954, Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Еспе ауылы) - мемлекеттік қайраткер. Қазақ.
Білімі Өскемен құрылыс-жол институтының сәулет факультетін (1977), сәулетші; Халықаралық тәуелсіз экология-саясаттанушы университетін бітірген (Мәскеу, 2001), заңгер.
Еңбек жолы 1971 жылдан - ШҚО Самар ауданы Бастаушы ауылы ОМ оқытушысы. 1972 жылдан - Өскемен құрылыс-жол институтының студенті. 1977 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1979 жылдан - Ленинск қаласы 11284 ә/б космодром НҚБ аға инженер-ревизоры, 1980 жылдан - аға инженер-инспекторы, 1988 жылдан - 1-ші дәрежелі инженері. 1989 жылдан - Қызылорда облысының халық депутаттарының Ленинск қалалық кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1990 жылдан - төрағасының бірінші орынбасары. 1992 жылдан - Ленинск қалалық сәулет және қала салу басқармасының басшысы - бас сәулетшісі. 1993 жылдан - Ленинск қаласының әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары. 1994 жылдан - Ленинск қаласының әкімінің мемлекеттік меншік мәселелері бойыша орынбасары. 1995 жылдан - «Байқоңыр» космодром және Ленинск қаласындағы ҚР Президентінің арнайы өкілі. 1996 жылдан 2004 жылға дейін - «Байқоңыр» космодромындағы ҚР Президентінің арнайы өкілі. 2005 жылдың наурыз айынан - Астана қаласы ТЖ Департаменті басшысының орынбасары. 2005 жылдың қыркүйек айынан - «Байқоңыр кешеніндегі «Бәйтерек» БК» АҚ бас директорының орынбасары - филиалының директоры. 2007 жылдың қыркүйек айынан - «Бәйтерек» БК» АҚ бас директордың бірінші орынбасары - атқарушы директоры. 2007 жылдың қазан айынан бері - ҚР Ұлттық ғарыштық агенттігінің жауапты хатшысы.
Қоғамдық ұйымдағы қызметі «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
Марапаттары II дәрежелі «Достық» ордені (2001) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалі.
Отбасы Үйленген. Жұбайы - Нұрғалиева Сара Қабиқызы (1958 жылы туған), журналист, «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ президентінің кеңесшісі. Қызы - Нұрғалиева Динара Ерғазықызы (1978 жылы туған). Немерелері - Дінмұхамед (1999 жылы туған), Даниел (2003 жылы туған), Дастан (2010 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ж. ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:4 маусымда туғандар Санат:1954 жылы туғандар Санат:Самар ауданында туғандар Санат:Өскемен құрылыс-жол институты түлектері Санат:Мәскеу халықаралық тәуелсіз эколоия-саясаттанушы университеті түлектері Санат:Байқоңыр тұлғалары Санат:II дәрежелі Достық орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері