Диас Ілиясұлы Омаров (20 қазан 1940 жыл, Алматы қаласы — 5 шілде 2020 жыл, Алматы) - футболшы, жартылай қорғаушы. "Қайрат" командасында ойнаған. Қазақ футбол комментаторы.
Отбасы Әкесі - Ілияс Омаров (1912-1970), ҚазКСР сауда халық комиссары, Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы, ҚазКСР мәдениет министрі болған. Анасы - Омарова Гүлшат Сәкиқызы (1914-2007).
Ажырасқан. Қыздары - Омарова Алина (1963 жылы туған), Омарова Гүлшат (1968 жылы туған); ұлдары - Омаров Тимур (1982 жылы туған), Омаров Руслан (1988 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Өмірбаяны С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөлімшесінде оқыған.
Қазақ журналистика академиясының академигі (1998 жылдан).
«Советский спорт», «Труд» басылымдарында, республикалық басылымдарда жарияланған көптеген мақаланың авторы.
1960 жылдың қаңтар айынан - «Қайрат» ЕСҚ және «Локомотив» ЕСҚ спорт нұсқаушысы. 1966 жылдың мамыр айынан - Қазтелерадио спорт комментаторы. 1998 жылдан бері - «Хабар» телеарнасы» АҚ спорт комментаторы.
Дереккөздер
Сілтемелер Диасу Омаров 70 жаста
Санат:20 қазанда туғандар Санат:КСРО футболшылары Санат:КСРО журналистері Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақ журналистика академиясы академиктері Санат:Қазақстан телерадиосы қызметкерлері Санат:Хабар агенттігі қызметкерлері Санат:Спорт журналистері Санат:Алфавит бойынша журналистер