Зейнекүл Қатшыбекқызы Сейсенова (16 наурыз 1953 жыл, Жиделі бекеті, Көктерек ауданы, Жамбыл облысы) — кеңестік және қазақстандық журналист.
Өмірбаяны Әкесі — Әбдіқалықов Қатшыбек. Анасы — Нұрғалиева Нағима, үй шаруасымен айналысқан.
С.М. Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген (1981), журналист. 1974 жылдан — «Путь Ильича» (Ильичтің жолы; «Төле би жалауы») Шымкент облысы Төле би аудандық газетінің әдеби қызметкер-аудармашысы, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, өнеркәсіп, партиялық емір, ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары. 1994-1995 жылдары — «Оңтүстік тынысы» газетінің жетекші редакторы (Шымкент қаласы). 1996 жылдан — «Айғақ» тәуелсіз газетінің орыс басылымы редакторының орынбасары (Шымкент қаласы). 1997 жылдан — «Керуен» радиосындағы «Пікірлер пирамидасы» күнделікті бағдарламасының жүргізушісі. 1998 жылдан — «Шахар» телерадио компаниясының бас редакторы. 1999 жылдан — «Зеркало» республикалық әйелдер журналының бас редакторы — «Central Asian News» айлығының меншікті тілшісі. 2000 жылдан — «Шахар» телерадиокомпаниясының бас продюсері. 2001 жылдан — «Достық» республикалық қоғамдық-саяси журналының редакторы, бас редакторы. 2003 жылдан бері ол — «Достық-Дружба» журналы» ЖШС құрылтайшысы, «Достық-Дружба» республикалық журналының баспагері — бас редакторы.
Қоғамдық қызметі Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1983 жылдан). Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі. Қазақстан дипломатиялық клубының төрағаласы. Алматы қазақстандық-кубалық достық қоғамының төрағасы. «Франция-Қазақстан» қазақ-француз қоғамының мүшесі. Дарынды балаларды демеуші «Байта» халықаралық қайырымдылық қорының қамқорлық кеңесінің мүшесі. Жетекші журналистер-эксперттер клубының мүшесі.
Шығармашылығы «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы», Екі томдық «Достар әлемі — Планета дружбы», «Иланған адамдарға белгілер» кітаптарын дайындау және шығару жобаларының жетекшісі «Қазақстан халқы ассамблеясы» кітабының құрастырушыларының бірі, «Қазақстан және әлем» кітабының бірлескен авторы.
Марапаттары Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005) Астанаға 10 жыл медалі (2008) Ерен еңбегі үшін медалі (2010) ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (2004) марапатталған.
Отбасы Тұрмыс құрған. Жұбайы — Сейсенов Көлбай Бекенұлы, инженер-құрылысшы. Қыздары: суретші-модельер Жанар (1974 жылы туған), журналист Динара (1977 жылы туған) және Айгерім (1992 жылы туған); ұлы — Ғалымжан (1975 жылы туған), заңгер, экономист. Немерелері: Жәния, Әмина, Нұрия, Әмір, Филио-Бирай.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені — 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:16 наурызда туғандар Санат:1953 жылы туғандар Санат:Көктерек ауданында туғандар Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері