Александр Владимирович Толстобров - мұнайшы, «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ техникалық дамыту жөніндегі басқарушы директоры.

Өмірбаяны 1958 жылы 11 мамырда Талдықорған облысы Сарқан ауданының Петропавловка ауылында туған. Орыс.

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін бітірген (2009), экономист.Орыс және қазақ тілдерін біледі. 1998 жылдан - «Алматыгаз» МҚК газ есептеу басқармасының бастығы.

1999 жылдан - «Алматыинтергаз» АҚ президенті.

2002 жылдан - «Алматыгаз» АҚ басқармасының төрағасы - «Алматы газ жүйесі» ЖШС бас директоры.

2006 жылдан - «Алматыгаз» АҚ холдингі басқармасы терағасының орынбасары. 2010 жылдан бері - «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ техникалық дамыту жөніндегі басқарушы директоры.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:1958 жылы туғандар