Гари Александр Невилл (; 18 ақпан 1975https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3403, Бери, Англия) — англиялық футболшы, қорғаушы. Тағы бір англиялық футболшы Фил Невиллдің ағасы.
Мансабы "Бери" клубының түлегі. 1991 жылы 16 жасында "Манчестер Юнайтедтің" академиясына өтті. 1992 жылы қаңтарда клубпен алғашқы келіссім шартын жасасты.
1994/95 жылғы маусымда клубның негізгі ойыншысына айналды.
2006 жылы клубтан Рой Кин кеткен соң капитан боп тағайындалды. 2006-09 жылдары жиі жарақаттанып, алаңға онша көп шыға алмады да, 2011 жылы мамыр айында карьерасын аяқтады.
2012 жылы бапкерлікке кірісті. Біраз жылдар бойы "Манчестер Юнайтедтің" резервистер клубын жаттықтырды.
2015 жылы желтоқсанда "Валенсия" клубының жаттықтырушысы болды, бірақ нәтиже ойдағыдай болмай, 2016 жылы 30 наурызда ол қызметтен босады.
Ұлттық құрама сапында 1995-2007 жылдары ойнап, 1998, 2006 жылдары әлем чемпионатына қатысты. 1996 жылғы Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері атанды, 2000, 2004 жылдары да Еуропа чемпионатында ойнады.
Жетістіктері
Командалық Манчестер Юнайтед
Англия чемпионы (8): 1995/96, 1996/97, 1998/99, 1999/2000, 2000/01, 2002/03, 2006/07, 2008/09 Англия кубогы (3): 1996, 1999, 2004 Лига кубогы (2): 2006, 2010 УЕФА чемпиондар лигасы (2): 1999, 2008 Англия суперкубогы (3): 1996, 1997, 2008 Құрлықаралық кубок: 1999 Клубтар әлем чемпионаты: 2008
Жеке
Англия футболының құрмет залы: 2015
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Санат:Англия футболшылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Англия футбол жаттықтырушылары Санат:Валенсия ФК жаттықтырушылары