Тамара Ивановна Кагальникова (1949, Алматы қаласы). Қазақ политехникалық институтын бітірген (1972). 1972-1986 жылдары - Қазақ мемлекеттік инженерлік ізденістер институты іздену бөлімінің инженері, Қазақ КСР Геология министрлігі мұнай мен газ геологиясы бөлімінің аға инженері. 1986-1988 жылдары - Алматы геофизикалық экспедициясы ӨБ геологы. 1988 жылы - «Мұнайбитумдары» Бүкілодақтық мұнай-газ ғылыми-зерттеу институтында бөлім инженері. 1989-1992 жылдары - Қазақстан тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының тереңдей бұрғылау технологиясы мәселелері партиясында инженер- геолог. 1992-1994 жылдары - ҚР ЭжОҚМ көмірсутек шикізатының геологиялық қорларын барлау және болашаққа дайындау басқармасының жетекші маманы, геология мен өндіру басқармасының геологы, I дәрежелі инженері. 1994-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы мұнай өнеркәсібі министрлігі минералдық-шикізат базасының даму бөлімінің жетекші маманы. 1998-2002 жылдары - «Қазақойл» ҰМК мұнай-газ кенорындарын өндіру мен геологиясы департаментінің жетекші геологы. 2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ геология департаментінің менеджері.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары