Кикбай Рзаханов (1938, Маңғыстау облысы). Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітірген (1968) және КОКП OK жанындағы Жоғары партиялық мектеп. 1960-1972 жылдары - Маңғыстау колхозаралық құрылыс ұйымының бас инженері, «ММГБ» тресінің құрылыс-монтаж кеңсесінің бастығы, «Маңғышлақмұнайгазқұрылыс» тресінің құрылыс басқармасы бастығы, Өзен аудандық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан КП Ералы аудандық комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан КП Форт-Шевченко қалалық комитетеінің бірінші хатшысы. «Маңғышлақұлутас» бірлестігінің бас директоры. Облыстық агроқұрылыс бастығы, «Құрылысматериалдар» ҚБ бастығы. 2002 жылдан - ЖШС «Тасжол-К» директоры. 2004 жылдан - «Мұнайшы» қоғамдық фондының аймақтық үйлестірушісі. Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет Белгісімен», «Еңбек Ерлігі үшін» медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар