Рамазан Сарғұнанов (1947, Атырау облысы). И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиялық және газөнеркәсіп институтын бітірген (1970). 1970-1976ж.ж.-Доссор мұнай өндіру басқармасында ұңғыны зерттеу операторы, шебері, «Ембімұнай» өндіріс бірлестігі «Прорвамұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының геология бөлімінде аға-геолог. 1986-1993ж.ж. «Теңіз мұнайгаз» өндіріс бірлестігінде технология бөлімі бастығы. 1993-1996ж.ж. «Теңіз мұнайгаз»АҚ-да геология бөлімі бастығы, бас геолог. 1996-1999ж.ж. «Ембі мұнайгаз» АҚ-ның вице-президенті, бас геологы. 1999-2004ж.ж. «Ембі мұнайгаз» АҚ-ның геология және бұрғылау бөлімінің директоры, геология секторының және геология бөлімінің барлау және «Қазақойл -Ембі» АҚ-ның бұрғылау жұмыстарының жетекшісі, «Ембі мұнайгаз» ААҚ-ның мұнай кен орындарын зерттеу және барлау геология бөлімінің жетекшісі. 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазмұнайгаз» ӨБ АҚ «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы кен оындарын игерудің және геология департаменті геология бөлімінің бастығы.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар Санат:Геологтар