Дьөрдь Алмаши (; 11 тамыз 1867, Град, Словения, Аустрия-Мажарстан — 23 қыркүйек 1933, Грац, Аустрия) — шығыстанушы, географ, орнитолог. Дьөрдь Алмаши бастаған экспедиция 1900 жылы наурыз-желтоқсан айларында Қазақстанның бірқатар жерлерінде болып, этнографиялық, географиялық зерттеулер жүргізген. 1903 жылы жарық көрген “Азия жүрегіне сапарым” (“Vandorutam Azsіa szіvebe”) атты еңбегінде Жетісу, Алатау, Тянь-Шань өңірінің географиялық жағдайы, жан-жануарлар дүниесі, гидрология жүйесі, Түркістанның саяси-әлеуметтік және экономикалық өмірі, ондағы жергілікті тұрғындар мен келімсек халықтардың арасындағы қарым-қатынас жөнінде көптеген деректер бар. Қазақтар мен қырғыздардың тілі, діні, әдет-ғұрпы, шаруашылығына қатысты мәліметтер берілген. Дьөрдь Алмаши 1912 жылы Еуропада алғаш рет “Манас” дастанының үзіндісін жариялады. Дьөрдь Алмашидің қазақ және қырғыз этнографиясы туралы жинаған құнды деректері Мажар этнография мұражайында сақталған.

Дереккөздер