Арақарағай – Қостанай облысы Алтынсарин ауданының солтүстік-батысында, орманды дала белдемінде орналасқан шоқ қарағайлы орман.
Сипаты мен флорасы Солтүстіктен оңтүстікке қарай 40 км-ге созылып жатыр. Ені 20 км-ге жуық. Жалпы аумағы 616 км2, оның ішінде ағаш өскен аумағы 271 км2. 1 га-дан 250 – 350 м3 ағаш алынады. Орналасқан жері жазық құмтасты және сазды келеді. Орманның алаңқай жерлерінде ұсақ көлдердің қазаншұңқырлары, аласа жалдар, белестер бар. Арақарағайдың солтүстік-батыс бөлігінде қарағай, қайың, көктерек өседі, итмұрын, тобылғы бұталары жиі кездеседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қостанай облысы географиясы Санат:Қазақстан орман шаруашылығы