thumb| alt=A.|

Балға () — соғу, шыңдау жұмыстарына арналған қол аспабы. Құралдың бір жағы Балғаның басы, 2-сі сабы деп аталады. Атқаратын қызметіне қарай пішіні әр түрлі (темір ұста Балғасы, ағаш ұстасы Балғасы, етікші Балғасы, т.б.) болып келеді. Балғаның басын көміртекті болаттан жасайды, негізгі және қосымша деп аталатын қос шүйдесін шынықтырып, соңынан жалтыратады. Балғаны кейде ағаштан да жасайды. Балға шеге қағуда, қатты затты сындыруда, жер үй тұрмысында ірі сұрынысқа ие. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Балғалар түрлері thumb|Геология Балға Ағаш балғa () - қаңылтырмен өндеуге арналған тегіс соққылы бетгі балға. Безеулегіш балға () — безеулеу жүмыстарына арналған электр, гидравликалық немесе пневматикалық жетегі бар балға. Тойтарғыш балға () — тойтару жүмыстарына арналған электр,гидравликалық немесе пневматикалық жетегі бар балға. Электр балға () —электр жетегі бар балга. Фрикциялы балға () — қабыршақтарын кесумен жүретін жоне салқын күйінде жүргізілетін таптау шыбықтарынан майда шыңдалғьыарды қалыптауға арналған құлайтын бөліктердің күші 500-ден 1500 кг-ға дейінғі ұсталық машиналар. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

Дереккөздер

Санат:Құралдар