Украиндар () — Славян халқы, ежелден бері Украинаның негізгі және автохтонды халқы, қазіргі Украина аумағындағы ең көп славян этносы. Украина аумағынан тыс олар Польшада, Словакияда, Словенияда, Чехияда, Германияда, Ұлыбританияда, Канадада, АҚШ-та, Қазақстанда, Бразилияда, Мажарстанда, Ресейде және басқа да көптеген елдерде тұрады. Жалпы халық саны 46 миллион адамнан асады. Олардың 37 миллионы Украинада тұрады.
Этнонимі Шығуы жөнінен бірнеше жалпы нұсқалары бар. XIX ғасырға дейінгі украиндардың өзіндік атаулары ортағасырлық Русь мемлекетінің атауынан шыққан "русы" немесе "русиндер" болды. Бұл атаулар украин шежіресінде, XIII-XIX ғасырлардағы діни және зайырлы әдебиеттерде кездеседі.
Тағы бір нұсқасы, «Украина» атауы көне орыс тіліндегі – ѹкраина немесе в’краина – шекаралық аймақ, князьдіктің шетіндегі жер, екіншісінде «край», «краина», яғни «ел» немесе «өз халқы мекендеген жер» деген сөзден шыққан. Қалай болғанда да, шығу тегінің кез келген нұсқасының негізінде «край» түбірі жатыр, ол өз кезегінде жалпы славяндық «краяти» немесе «кроити», яғни «кесу» дегеннен шыққан. Край сөзбе-сөз аударғанда «бөлім» немесе «шекара» дегенді білдіреді.
Эндоэтнонимдері Ағылшын тілінде – «Ukrainians»; орыс тілінде – «Украинцы»; беларусь тілінде – «Украiнцы»; поляк тілінде – «Ukraincy»; чех тілінде – «Ukrajinci»; словак тілінде - «Ukraincy»; хорват тілінде – «Ukrajinci»; болгар тілінде – «Украинци»; абхаз тілінде – «Аукраинеццәа»; литва тілінде – «Ukrainietai»; латыш тілінде – «Ukrainis»; мажар тілінде – «Ukránok»; эстон тілінде – «Ukrainlased»; грузин тілінде - «უკრაინული»; неміс тілінде – «Ukrainisch»; румын тілінде – «Ucrainieni»; испан тілінде – «Ucranianos»; түрік тілінде – «Ukraynaci»; қырым татар тілінде – «Ukrainalı»; Қарашай-Балқарда – «Украинлиле»; түрік тілінде – «Ukraynalılar»; татар тілінде - «Украиннар»; грек тілінде - "Ουκρανές"; голланд тілінде - "Oekraїners"; фин тілінде – «Ukrainalaiset».
Тілі
Украин тілі шығыс славян тілінің бірі болып табылады және үш диалектілік ерекшеліктері бар: а) солтүстіктік: солтүстік жағалаулық-полесский, оңтүстік жағалаулық - полесский, волынский-полесский сөйлеу ерекшеліктері; б) оңтүстік-батыстық: волынский-подольский, галицко-буковиндық, карпаттық, днестрлық сөйлеу ерекшеліктері; в) оңтүстік-шығыстық: днепровтық, шығыс-полтавалық сөйлеу ерекшеліктері.
Орыс тілінен басты айырмашылықтары: украин әліпбесінде г әрпі һ тәрізді дыбыс береді, е орыс тіліндегі йотдалған йе емес, басқа тілдердегі сияқты бір дыбысты е(э) ні береді. Және І әріпі /ɪ/ дыбысын білдіреді. Украин әліпбесінде ъ жоқ. Соңғы сөйлеу ерекшелігі 18 ғ. ежелгі украиндық кітап тілі негізіне алынды. 18-19 ғғ. аралығында қазіргі украин (жаңа украин) әдеби тілі қалыптасты. 10 ғ. Кирилл мен Мефодий негізін салған ескі славян жазуы Украинадан бастау алды.
Діні Украиндар негізінен православиелік, Батыс аймақтарда халықтың бір бөлігін грек католиктері құрайды. Мұнда 16-17 ғасырлар тоғысында униат (грек-католик) шіркеуі пайда болды. Украин грек-католик шіркеуінің ерекшелігі оның догматикалық-ритуалдық синкретизмі болып табылады: ол ең басынан бастап католик шіркеуінің догмасымен (және философиясымен) шығыс православиелік салт-жораларының органикалық үйлесімі ретінде салынған.
Тарихы нобай|оңға|200px|Румынияның солтүстік бөлігінен келген украиндар 14-15 ғасырларда ежелгі рус халықтары тегінен туысқан украин, орыс, беларусь этностары қалыптасты. 15 ғасырдың соңынан бастап Украинаға түріктер мен Қырым татарлары шабуыл жасады. 15 ғасырда бір ортлыққа бағынған Ресей мемлекетінің құрылуы украин, беларусь халықтарының тарихында улкен рөл атқарды. Украин халқын азаттық күреске жұмылдырған Б.Хмельницкий бастаған соғыс (1648-54) Украинаның Ресейге қосылуына себепші болды. 1709 жылы Полтава шайқасында Украина гетманы Мазепа шведтер жағына шыққанымен, көптеген украиндық казак полктері Ресей жағында соғысып, сол жағалаудағы Украинаны қорғап қалды. 18 ғасырда орыс-түрік соғыстары мен Польшаның бөлінуі нәтижесінде оң жағалаудағы Украина мен Батыс Волын Ресейге қосылып, украин халқы Ресейдің отарлық езгісіне түсті. 1812 ж. Наполеон армиясына қарсы Отан соғысына украиндер де қатысты. 1-дүниежүзілік соғыс және азамат соғысы жылдарында Украина аумағының біраз бөлігін Германия мен Австрия-Венгрия жаулап алды. 1917 - 20 ж. ел аумағында Украина Халық Республикасы, Батыс Украина Халық Республикасы өмір сүрді. 1917 ж. Украин КСР-ы құрылды. Азамат және кеңес-поляк соғысы барысында 1920 ж. Батыс Украина Польшаға өтті. 1922 ж. КСРО құрамына кірді). 1939 ж. УКСР Батыс Украинамен косылды. 2-дүнижүзілік соғыс кезінде Украина жері неміс әскерлерінің қол астында қалды. 1954 ж. РКФСР-нан Украинаға Қырым облысы берілді. 1990 ж. Украина Жоғарғы Кеңесі елдің тәуелсіздігін жариялады. 1991 ж. 8 желтоксандағы Беловеж келісімінен кейін Кеңес Одағы таратылып, Украина тәуелсіздігін жариялады.
Кәсібі Украиндықтардың ауыл шаруашылығының негізгі дәстүрлі саласы — егіншілік, үш танапты егіншілік басым болды (онымен бірге XIX ғасырда Карпат пен Полесияда егістік және ауыспалы егіншілік сақталған). Қара бидай, бидай, арпа, тары, қарақұмық, сұлы, қарасора, зығыр өсірілді. XVII ғасырдың аяғынан бастап — жүгері, темекі, XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап — күнбағыс, картоп, бақша дақылдарынан — қырыққабат, қияр, қызылша, репа, пияз және т. б., XIX ғасырдың басынан бастап қызанақ пен бұрыш егілді. Украиндықтар ежелден үй бақшасымен (алма, алмұрт, шие, қара өрік, таңқурай, қарақат, өрік, шие, жүзім) айналысты.
Дәстүрлі егіншілік құралдары темір бөлшектері мен алдыңғы бөлігі бар ағаш соқадан, бір тісті және көп тісті соқадан, әр түрлі пішінді күректен, тырмадан, негізінен рамалық тырмадан т.б.тұрды. Полесье және жартылай сол жағалау аймақтарында соқаның орнына дөңгелекті соқа қолданылды. Егін жинау құралдары орақ, тырма және айырдан тұрды.
Украиндықтар негізінен ірі қара, қой, жылқы, шошқа, құс өсірді. Ара шаруашылығы мен балық аулау шаруашылықта қосалқы рөл атқарды. Шаруашылықта қолөнер де маңызды орын алды. Украинадағы халық қолөнерінің ең танымал түрлерінің бірі - кесте тігу. Украин кестелері әдемілігімен, өрнектерімен және ашық түстерімен танымал. Тағы бір танымал халықтық қолөнері - писанка жасау өнері, әшекейленген жұмыртқалар. Писанка – көктемнің, қуаныш пен ұзақ өмірдің символы. Жұмыртқаға әдемі ою-өрнек салу шеберлігі ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ерекше өнер саналған. Кілем тоқудың украин мәдениетінде де ежелгі дәстүрлері бар. Украин кілемдері әдемі өрнектерімен, түстерімен және тоқу техникасымен танымал.
Тұрмыс салты XIX ғасырдың аяғына дейін украин ауылының қоғамдық өмірінде патриархалдық қатынастардың қалдықтары сақталды, көршілік қауым - громада маңызды орын алды. Көптеген дәстүрлі ұжымдық еңбек формалары (толока, супряга) және демалыс («парубочи громады» — үйленбеген жігіттердің бірлестіктері, вечорници және досвитки, жаңа жылдық әндер және т.б.) тән болды.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары нобай|оңға|200px|Киев облысы, Савки хуторындағы хата Украиндықтардың дәстүрлі тұрғын үйі едәуір көші-қон үдерістеріне қарамастан әлемнің түрлі аймақтарында 20 ғ. ортасына дейін өзінің этнографиялық ерекшеліктерін сақтап қалды. Орыс типіндегі бөрене үйшіктермен қатар украиндықтардың да саз үйшіктері болған. Мұндай тұрғын үйлер орман тапшы оңтүстік далалық аймақтарда жасалды. Үйдің қабырғалары бұтақтардан жасалған өрімдерден жиналды, кейде материал күйдірілмеген кірпіш болды. Содан кейін сабанмен араласқан сазбен сыланды. Ол өрілген немесе кірпіш қабырғаларға қалың жағылған. Содан кейін ішкі және сыртқы жағынан қабырғалар әктелді. Төбе шатыры сабан немесе қамыспен жабылған. Үйлердің сыртқы қабырғалары өсімдік өрнектерімен боялған. Аулаға (иесінің байлығына қарай) бір немесе бірнеше шаруашылық құрылыстары кірді: қора, сарай, қойма, малға арналған қора, т.б.
Украиндықтардың пешке деген көзқарасы ерекше болды. Ол ғажайып күштерге ие болды және зұлым рухтардан қорғайды деп сенді. Пеш тек тамақ пісіру үшін ғана емес, сонымен қатар ұйықтау, киім-кешек пен астықты кептіру, ауруларды емдеу үшін де қолданылған. Оның қасында жанжалдасу, балағат сөздер айту, отқа түкіруге тыйым салынды. Пеш әктеліп, ою-өрнекпен безендірілді. Ол тақтайшалармен және қағаз бояуларымен қапталған. Украин үйлерінің интерьері өзінің әдемілігімен ерекшеленеді. Олар орамал, жастық тысы, дастарханды гүлдер мен өсімдіктердің әшекейлі кестелерін пайдаланылған. Үй ішінде кестелі орамалдар мен майлықтар ілінді. Боялған керамикалық ыдыстар сөрелерге қойылды.
Дәстүрлі киімдері нобай|оңға|200px|Ұлттық киімдегі украин қызы Украиндықтардың дәстүрлі киімдері қолдан тоқылған кенептен жасалған шалбар, жейде, белдеулік және кеуделік киім, сыртқы киім, баскиім, аяқкиім, әшекей бұйымдардан тұрады. Украиндықтар арасында әлі күнге дейін киім-кешек үлгісінде этнографиялық ерекшеліктер кездеседі: дерга (күнделікті қапсырмалы киім), плахта (мерекелік, ашық түсті торлы жүн матадан екі кенептен пішілген, өрнектелген), спідниця (фабрикалық матадан жасалған белдеме), керсетка (шолақ жеңді киім) және т.б. Әйел адамдар білезік, сырға, сақина, мойынға, омырауға тағылатын алқа, моншақ, монеталы алқалар (монисто, дукачі) сияқты әшекей бұйымдар таққан.
Ер адамдар кең шароварлар, кейіннен орыстардыкіндей тар шалбарлар киген. Кеудесі ойық, кестемен өрнектелген туника тәрізді жейделер кең таралды. Кейбір аймақтарда көйлек азиялықтар сияқты, шалбарға тығылды. Кең шалбар белбеумен байланған. Украин казактары көлемді, кең шалбар киді, оның төменгі жағында ілмек салынған, бұл қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етеді. Суық ауа райында олар матадан жасалған кафтандар мен қой терісінен жасалған күрте киді.
Әйелдердің ұлттық киімінде детальдар көбірек. Блуза ұзын кесілген, 2 бөліктен тұратын, төменгі бөлігі кенептен жасалған. Мереке күндері алдыңғы жағы, жеңі, жағасы кестемен безендірілген блузка киді. Сәнді блузкалар жұқа материалдардан (поплин, жібек) жасалған. Қара және қызыл түс, сары, жасыл және қызыл реңкті үлгілер кең таралған. Белдемшелер әр түрлі пішінде болды: тар, орамалы және жалпақ. Үстіне кестелі алжапқыш және ұзын ұштары бар кең белдік тағылды.
Бас киімнен биік елтірі бөрік (кучма), қысқы бас киімдер (треух, малахаі), киізден, сабаннан жасалған қалпақты (бриль) айтуға болады. Бастарына ақ орамал (намітка), баскиім сыртынан байланатын (очіпка) киген. Түсі, байлау әдісіне қарай түрлі орамалдар кеңінен таралған. Аяқтарына шикі былғарыдан жасалған етік киген.
Дәстүрлі тағамдары Ұлттық тағамдар тұрып жатқан аймақтардағы тағамдар есебінен толығып отырады. Кубаньда украиндықтар адыгей ірімшігін, Башқұртстан мен Қазақстанда – қымыз және айран жасайды. Ет, шұжық және әйгілі украиндық шошқа майы күнделікті де, мерекелік те азық түрі болып табылады. нобай|оңға|200px|Қаймақ қосылған борщ Халықтың әртүрлі топтары арасында азық-түлік өте әртүрлі болды. Диетаның негізін өсімдік және ұннан жасалған тағамдар (борщ, тұшпара, сорпалардың әртүрлі түрлері), ботқалар (әсіресе тары ботқа мен қарақұмық) т.б.құрады. Нанды қышқыл қамырдан домалақ, ұзынша қалыпта (паляница, хлібина, бохан) пісірген. Ішіне түрлі нәрселер салынған бәліштер мен жұқа нандар (перепічки, opішки, пампушки) кеңінен таралған. Ұннан квашу, лемішку, соломаху сияқты ежелгі тамақтар дайындайды. Қайнаған суда пісірілетін галушки, вареники (ірімшікпен, картоппен, шиемен), лапша (локишна), затірка (қатты етіп иленген, ұсақталып суға немесе сүтке пісірілген қамыр) тағамдар қазіргі уақытқа дейін бар. Украиндықтардың әйгілі тағамы борщ. Оның түрлі дайындау тәсілдері бар. Күнделікті тағамдар ішінде сүт тағамдары көп. Балық, соның ішінде тұздалған балық, диетада маңызды орын алды. Ет тағамдары шаруаларға мереке күндері ғана жететін. Ең танымал шошқа еті мен шошқа майы болды. Ұннан көкнәр тұқымы мен бал қосылған көптеген көкнәр торттары, тоқаш, книш және рогаликтер пісірілді.
Танымал сусындарға узвар, варенуха, сириветтер, түрлі ликерлер мен арақ, соның ішінде бұрыш қосылған танымал горилка кірді.
Фольклоры нобай|оңға|200px|Украин биі Гопак