Геворг Амвросьевич Абазян (1946 жылы дүниеге келген) – театр және кино әртісі.
Ереван қаласындағы Капланян атындағы драма театрдың негізін салушылардың бірі. 1967 жылдан бастап Драма театрында жұмыс атқарады.
Драма театры сахнасындағы рөлдері Мольердің «Амалсыз дәрігер» – Тибоны; Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» – Дәріханашы рөлін; Эдуардо де Филиппоның «Филумена Мартурано» – Мигеле рөлін-; Уильям Сароянның «Менің жүрегім тауларда» – Канингемді сомдаған.
Сонымен қатар Геворг Абазян «Цыган» және «Где ты был, человек божий?» фильмдеріне түскен.
Дереккөздер
Санат:1946 жылы туғандар Санат:Армения актерлері Санат:Армения киноактерлері Санат:Капланян атындағы драма театр актерлері