Сейдахмет Бердіқұлов (9 мамыр, 1933 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Қарақастек қыстағы – 1994, Алматы) – жазушы, журналист. Лақап аты — Саид АхмадПисатели Казахстана. Справочник. Алма-Ата, Жазушы, 1982, стр. 53.

Қазақстандағы спорт жұлдыздарының табыстарын насихаттауға еңбек сіңірді.

Шапырашты руынан шыққан.

Хронологиясы 1956 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1965 — 1970 жылдары «Қазақстан пионерінің» редакторы, 1970 — 1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы, 1986 — 1994 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болды.

Шығармалары

«Сол орамал жоғалмайды». А., «Жазушы», 1965; «Жүрек ұйықтауды білмейді» . А., «Жазушы»(1966), «Жұмыр жерде теңбіл доп». А., «Жазушы» (1968),

«Егеулі найза». А., «Жазушы», 1969;

«Аспаннан шұға жауған күн». А., «Жазушы» (1975),

«Мұңайып оянған қала». А., «Жазушы», 1979; «Үшінші подъезд» . Повестер, әңгімелер. А., «Жазушы» (1980); «Пердесіз көңіл». А., «Жазушы», 1983; «Арбаған мәні бір сиқыр». А., «Жалын», 1987; Немістің Гельмут деген миллионерінің арнайы келіп, Әуезовті көре алмағанына қапа болғанын суреттеген «Миллионер өкінген түн» атты туындысын жазды («Қазақ әдебиеті», 1987, 5 қыркуйек).

«Таңдамалы». Екі томдық. А., «Жазушы», 1991. «Ғажайып дәптер» әңгімесінде ұлы жазушының 1910 ж. Семейде оқып жүрген кезінен сыр шертеді. Әуезовтің ұқыптылығы мен білімділігін жас жеткіншектерге үлгі етіп ұсынады («Балдырған», 1962, №9; «Ана тілі», хрестоматия, 2-сынып, А., «Атамұра» баспасы, 1998, 130-132-беттер).Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жылҚазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

Дереккөздер

Санат:9 мамырда туғандар Санат:1933 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Алматы облысы) туғандар Санат:1994 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Спорт журналистері Санат:КСРО жазушылары Санат:КСРО журналистері Санат:Алфавит бойынша журналистер