Альбертина Карри (, 1973, Буэнос-Айрес) – Аргентина кинорежиссёрі, сценариші.

Әкесі – әлеуметтанушы, тілші, анасы – латын тілі мен әдебиетінің мұғалімі болған. Альбертина 4 жасқа келгенде ата-анасы әскери диктатураның құрбандары болған. Екі әпкесімен бірге апасының қолында тәрбиеленген. Буэнос-Айрестегі киноуниверситетте оқыған. 1998 жылы кино саласында өзі жеке жұмыспен айналыса бастаған. 2000 жылы толықметражды фильмін жарыққа шығарады. Режиссерлік қызметтен басқа оператор, монтажер, актриса ретінде де танымал.

Еңбектері: No quiero volver a casa (2000 ж), Excursiones (2001 ж), Aurora (2001 ж), «De vuelta» (2004 ж) т.б

Дереккөздер