Навигациялық жұлдыздар – авиацияда, теңізде жүзу мен ғарышта кеменің бағыты мен орнын анықтау үшін қолданылатын жұлдыздар. Физика жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану бағытындағы 11-сыныбына арналған. Алматы «Мектеп» 2011 жыл.
Кеңістікте бағдар жасау үшін Жер бетіндегі белгілер жарамайды. Ғарышкерлер, ұшқыштар және теңізшілер навигациялық жұлдыз бойынша қажет уақытта бағдар жасап, бағытты анықтай білуі тиіс.
Навигациялық шоқжұлдыздар саны 20-дан астам. Оларға оңтүстік және солтүстік жарты шарлардағы ең жарық жұлдыздар жатады. Навигациялық есептерді шешу үшін биіктік пен азимуттың кестесі жасалған.
Дереккөздер
Санат: Астрономия