Константин Игнатьевич Адашевский (1897 жылы 30 наурызда қазіргі Польша аумағы, Тулешов ауылында дүниеге келіп - 1987 жылы 1 маусымда Ленинградта дүниеден өткен) – кеңес театр және киноактері. 1985 жылы КСРО-ның халық әртісі атанған.

Өмірбаяны 1925 жылы В.Н. Давыдов гимназиясы мен драмалық курсын тәмамдады. Сол жылдан өмірінің соңына дейін А.С. Пушкин атындағы ЛАТД-да актерлік қызмет атқарды.

1935 жылдан бастап киноға түсті. Оның бірінші фильмі Памир тауындағы геологиялық экспедиция туралы «Лунный камень» шытырман оқиғалы лентасы болды.

Константин Адашевский Ленинградтағы Серафимский мазарында жерленген.