Хаюмжанова Мэриям (1906-1995) – Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобланды селосында туған.Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X.

Рабфакта оқыды(1931-1932). "Әйел теңдігі" журналында әдеби қызметкер (1929-1932), жауапты хатшы (1932—1934). Орынбор облысы Дамбар ауданында кітапхана меңгерушісі (1934—1937), Қазақстан Жазушылар одағының бөлім меңгерушісі (1939-1944), Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, аға редактор (1945—59) болып істеді.

Екі рет "Құрмет Белгісі", Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 1986 жылы "Қазақстанның Халық жазушысы" атағы берілді.

Дереккөздер

Санат:Журналистика Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері