Ноеренчук Галина Ивановна — 1955 жылы Алматы қаласында туған.Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х
1972 жылы орта мектепті үздік бітіріп, Алматы халықшаруашылық институтының есеп-экономика факультетіне оқуға түседі. 1977 жылы оны бітіріп инженер – экономист мамандығын алады. 2 жылдан сол институттың өзінде инженер технолог болып, баспа ісін автоматтандыру жұмысымен айналысады. 1979 жылы КСРО Мемлекеттік баспакомитетінің автоматтандыру бөліміне аға инженер-программашы қызметіне шақырылады. 1990 жылы жұмыстан қол үзбей-ақ Мәскеу полиграфиялық институтының баспа істерін автоматтандыру және полиграфиялық процесстерді қарастыратын Воскресенский кафедрасына сырттай оқуға түсіп, оны 1994 жылы бітіреді. 1992 жылы фототеру кешенінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалады. 1994 жылы ақпарат бөлімін басқарады. 2002 жылы ірі полиграфиялық өндіріс орны «Дәуір» бірлестігінде жетекші технолог, өндіріс бөлімінің бастығының орынбасары болады. 2003 жылы «Кітап» баспа үйінде инженер-технолог болады. 2004 жылы баспалар үйі «Эдельвейсте» жетекші технолог. 2006 жылы ЖШС «Типография Паруста» жетекші технолог болып істейді.
Дереккөздер
Санат:Журналистика Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері