Вариация( — өзгеріс)— музыкада — кең таралған дамыту тәсілі, музыкалық тақырыпты өзгерту; вариациялық форманың құрамдас бөлігі; балетте — техникалық жағынан күрделі, шағын, жеке адам орындайтын классикалық балет биінің түрі. Жылдам, ойнақы биленеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

ВариацияОрысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0 - функцоналдың немесе оның аргументінің ең аз ығысуы.Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2

Вариация деп, тура мағынада жеке деректердің өзгеруі, бір нәрседегі ерекшеліктер, вариациялар; 2) (биол.) белгілі бір организмнің түріне байланысты құрылысындағы өзгерістердің пайда болуы, түрленуін айтады.Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі / Құрастырғандар: Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б.

Математикада вариация түсінігі - өзгергіштік сызығындағы кездесу жиілігін көрсететін ең жоғарғы нүкте. Жеке варианттардың жиілігін және вариациялар көлемін көрсететін белгі - өзгергіштіктің қисық вариациялық қисық сызық делінеді.

Лингвистикалық мағынада вариация деп айтылым кезінде сөздердің дыбыстық өзгеріс нәтижесінде сол тілдің дыбыс қорында жоқ басқа бір дыбысқа ұқсап айтылуы. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 4-том. / Құраст.: Н.Әшімбаева, Қ.Рысбергенова, Ж.Манкеева және т.б. – Алматы, 2011. 752 б. Вариацияны С.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов белгілі бір фонеманық дыбысталуында я айтылуында аз да болса оттенок я өзгешелік болу жағдайы; мысалы: эти сөзіндегі э — келте; это, э дегендердегі, э ашық деп көрсеткен.Тіл білімі терминдерінің орысша–қазақша сөздігі. С.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов. – Алма-ата. Қазақ ССР–нің «Ғылым» баспасы, 1966. – 211 бет.

Дереккөздер

Санат:Өнер Санат:Механика Санат:Материалдар Санат:Материалдар механикасы терминдері