Панкреатин - ферментті препарат. Құрамында ұйқы безінің ферменттері - амилаза, липаза жене про¬теаза бар, олар майлардың, ақуыздар мен көмірсулардың қорытылуына ықпал етеді, бұл олардың ащы ішекте толығырақ сіңуіне жағдай жасайды. Препарат ұйқы безінің сыртқы сөлінісі жеткіліксіздігінің орнын толықтырады және ас қорыту үдерістерінің жақсаруына жағдай жасайды.
Саудалық атаулары: Мезим, Биофесталь, Нормоэнзим, Ферестал, Фестал, Энзистал, Панкреофлат, Биозим, Вестал, Гастенорм, Креон, Микразим, Панзим, Панзинорм, Панкреазим, Панкрелипаза, Панкренорм, Панцитрат, Пензитал, Уни-Фестал, Энзибене, Эрмиталь.
Халықаралық патенттелмеген атауы: Панкреатин
Дәрілік түрі: қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында Мезим дәрілік түрі үшін; белсенді зат - панкреатин (липаза 3 500 ӘБ Ph.Eur., амилаза 4 200 ӘБ Ph.Eur., протеаза 250 ӘБ Ph.Eur. белсенділігіне сай), қосымша заттар: микрокристалдық целлю¬лоза, крахмалдың натрий гликолнты (А түрі), жоғары дисперсті кремний қос тотығы, магний стеараты, қабығының құрамы: 30%-ды дисперсті полиакрилат (құрғақ салмағы), тазартылған тальк, гипромеллоза, азорубинлак E122, 30%-ды симетикон эмульсиясы (құрғақ салмағы), титанның қос тотығы E 171, макрогол 6000.
Панкреатин тәріздес кейбір дәрілік препараттардың айырмашылығы Саудалық атауы Липаза ӘБ Диаметрі Креон 10000, 25000, 40000 2 мм кем Панзинорм 10000, 20000 2 мм кем Микразим 10000, 25000 2 мм кем Мезим 3500, 10000 2 мм көп Пензитал 6000 2 мм көп Дигестал 6000 2 мм көп Фестал 4500 2 мм көп Эрмиталь 10000, 25000, 36000 2 мм көп Энзистал 6000 2 мм көп
Сипаттамасы Шеттері кертілген цилиндр түріндегі ашық қызыл түсті қабықпен қапталған тегіс та-блеткалар
Фармакотерапиялық тобы Ac қорытуға ықпал ететін препараттар. Ферменттік препараттар. АТЖ коды А09АА02.
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Панкреатин асқазан-ішек жолынан сіңбейді, нәжіс арқылы шығарылады, ас қорыту сөлінісінің немесе бактерияның әсерінен оның көп бөлігі ыдырайды және өзгереді.
Фармакодинамикасы Ферментті препарат. Құрамында ұйқы безінің ферменттері - амилаза, липаза жене про-теаза бар, олар майлардың, ақуыздар мен көмірсулардың қорытылуына ықпал етеді, бұл олардың ащы ішекте толығырақ сіңуіне жағдай жасайды. Препарат үйқы безінің сыртқы сөлінісі жеткіліксіздігінің орнын толықтырады және ас қорыту үдерістерінің жақсаруына жағдай жасайды.
Қолданылуы - үйқы безінің сөлініс бөлінуінің жеткіліксіздігінде (созылмалы панкреатитте, муковисцидозда және т.б) , - асқазанның, ішектің, бауырдың, өт қабының созылмалы-қабынбалы дистрофиялық ауруларында, оның ішінде сол мүшелерді кескеннен кейінгі немесе сол мүшелердің сәулелендірілуі, ас қорытудың бүзылуы, метеоризм, диарея қатар жүретін жай-күйлерде , - асқазан-ішек жолдарының қызметі қалыпты адамдарда тамақтануда ақау болғгнда ас қорытылуын жақсарту үшін , - қүрсақ қуысы мүшелерін рентгенологиялық және ультрадыбыстық тексеруге дайындағанда.
Қолдану тәсілдері және дозы Дозасы ас қорытудың бұзылу дәрежесіне байланысты дербес айқындалады. Таблетканы шайнамай және сумен бірге қабылдау керек. Ересектерге: тамақтанудың алдында 1-2 таблеткадан қабылдау керек. Қажет болғанда тамақтану кезінде қосымша 1-4 таблетка қабылдау керек. Құрамында дене салмағына шаққанда 15000-20000 ӘБ ли¬паза құрайтын ферменттердің тәуліктік дозасын арттырмау керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар - препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта , - жедел панкреатитте , - созылмалы панкреатиттің асқынуында.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі Мезим фортені қабылдау кезінде фолий қышқылының сіңуі азаюы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар Мезим фортенің белсенді ферменттері бар, олар ауыз қуысында босап шығуы кезінде (мысалы шайнау кезінде), оның шырышты қабығына зақым келтіруі мүмкін. Сондықтан Мезим фортені шайнамастан, таблетканы бүтіндей жүту керек. Муковисцидозда панкреатинді қажетті дозадан асырған жағдайда илеоцекальды бөлігінде және тоқ ішектің басталар бөлігіндегі тарылудың (фиброздық колонопатияның) өршуі ықтимал.
Педиатрияда қолдану Бұл дәрілік препарат 6 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.
Жүктілік пен лактация Мезим форте препаратын жүктілік пен бала емізу кезеңінде қолдану жөнінде қауіп жоқ.
Дәрілік заттың автокөлік құралын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Әсер етпейді.
Артық дозалануы Белгілері: препараттың жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін. Емдеу: белгілеріне қарай ем жүргізу керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы Қабықпен қапталған таблеткалар, блистерлі қаптаманың біреуінде 20 таблеткадан. Картон қаптамада қолдану жөніндегі нүсқаулықпен бірге 1 блистер.
Сақтау шарттары +30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалар қол жеткізе апмайтын жерде сақтау керек
Сақтау мерзімі 36 ай немесе 3 жыл Сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары Рецептісіз босатылады
Санат:Дәрілік заттар