thumb|right|Windows рәмізі : Үсті — А Ә Б В Г Д Е Ж И К Қ Л М Н О Ө П Р С Т Ұ Ф Х Ш A—Z __NOTOC__

А Алмалы дискі (Floppy disk) Диаметрі 3,5 дюймді құрайтын, көп дүркін пайдаланылатын магнитті арқау. Қазіргі кезде сыйымдылығы 1,44 МБ алмалы дискілер пайдаланылады. Дискілердің алғашқы үлгілерінің мұқабалары икемді болғандықтан, олар — иілгіш дискілер деп аталады.

Апару (Move) Таңдалған элементтің үстінен тінтуір батырмасымен басып ұстап тұрып жылжыту арқылы бейнебеттің үстімен жылжыту. Мысалы, бейнебеттегі терезенің орнын ауыстыру үшін терезе тақырып атын сүйреп апаруға болады.

Арқау (Media) Дерек сақтауға жарайтын кез келген тұрғылықты немесе алмалы құрылғы. Мысалы, тұрғылық дискілер, алмалы дискілер, магнитті таспалар, ықшам дискілер.

Ашылмалы мәзір (Pull Down Menu) Мәзір жолының үстінен нұқығанда ашылатын мәзір. Мәзір ашық тұрады, алайда пайдаланушы тінтуір батырмасын тағы бір рет баспайынша немесе мәзір тармағын таңдамайынша басқа әрекет жасалмайды.

Ә Админ (Administrator) Windows XP Professional жүйесінде — үйшік контроллерлерін немесе жергілікті компьютерлерді, олардың пайдаланушы тіркелгілері мен топтық тіркелгілерін орнату мен басқару, құпия сөздер мен рұқсаттар беру және пайдаланушыларға желіде жұмыс істеу мәселелерін шешуде көмек көрсету үшін жауап беретін адам. Админдер Админдер тобының мүшелері болып табылады және үйшікті немесе компьютерді толық басқарады.

Windows XP Home Edition жүйесінде — компьютердегі бүкіл жүйеге өзгеріс енгізіп, бағдарламалар орната алатын және компьютердегі барлық файлдарға қатынай алатын адам. Компьютер әкғімшісінің тіркелгісін иеленетін адам компьютердегі барлық басқа пайдаланушы тіркелгілеріне түгел қатынай алады.

Әмір (Command, Macro, Script) Пайдаланушы белгілі бір әрекетті іске асыру мақсатында бағдарламаға беретін нұсқау. Әдетте әмірлер пернетақтадан теріледі немесе мәзірден таңдалады.

Әмір жолы терезесі (Command Prompt window) MS-DOS амалдық жүйесімен өзара әрекеттесуге арналған, жұмыс үстеліндегі терезе. MS-DOS әмірлері жыпылықтайтын жүгіргімен белгіленген кіру нүктесінде теріледі. Сондай-ақ MS-DOS терминін қараңыз.

Б Бағдарлама (Program) Бағдарламалар белгілі бір тапсырмаларды орындауға, мысалы, мәтінді өңдеуге, бухгалтерлік есеп жүргізуге немесе дерек басқаруға арналған. Бағдарламалар сондай-ақ бағдарламашықтар деп те аталады.

Байланған нысан (Linked Object) Құжатқа кірістірілген, бірақ бастапқы файлда қалатын нысан. Байланған деректер бастапқы құжатта өзгертілген кезде жаңартылып отырады. Байланған деректерді өзгерту үшін олардың үстінен екі рет басыңыз. Бейнебетте осы деректер қай бағдарламада жасалса, сол бағдарламаның мәзірлері мен құралдар үстелдері пайда болады. Егер екі құжат та бір компьютерде болса, онда байланған деректерге енгізілген өзгерістер бастапқы құжатта да көрінетін болады. Сондай-ақ бастапқы құжат терминін қараңыз.

Барынша кішірейту (Minimize) Терезе тақырып атының оң жағындағы «Барынша кішірейту» батырмасының көмегімен терезені құралдар үстеліндегі батырма мөлшеріне дейін кішірейту. Сондай-ақ барынша үлкейту, терезе тақырып аты терминдерін қараңыз.

Барынша үлкейту (Maximize) Терезе тақырып атының оң жағындағы «Барынша үлкейту» батырмасының көмегімен терезені ең үлкен мөлшерге дейін үлкейту. Сондай-ақ барынша кішірейту, терезе тақырып аты терминдерін қараңыз.

Бастапқы құжат (Main document, Original document, Master document) Бастапқы құжат деп байланған немесе ендірілген нысан жасалған құжатты атайды. Сондай-ақ ендірілген нысан, байланған нысан терминдерін қараңыз.

Басып шығарғыш (Printer) Мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы.

Басып шығарғыш драйвері (Printer driver) Белгілі бір басып шығарғыштың аппараттық жасақтамасы мен ішкі тілінің қандай екеніне қарамастан онымен басқа бағдарламалардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін бағдарлама. Нақты құрылғымен өзара әрекеттесуді драйвер жүзеге асыратындықтан, бағдарламалар әр түрлі басып шығарғыштарды сәтті пайдалана алады. Сондай-ақ құрылғы драйвері терминін қараңыз.

Басып шығарғыш пен факстар (Printers and faxes) Басқару үстеліндегі («Бастау» мәзірі) қалта, онда басып шығарғыш орнату шебері, сондай-ақ компьютерде орнатылған барлық басып шығарғыштардың белгішелері орналасқан.

Басып шығару кезегінің реттегіші (Print queue manager) Пайдаланушы басып шығаруға жіберген құжатты қабылдайтын және осы құжатты басып шығарғыш басып шығара бастаған сәтке дейін оны дискіде немесе жұмыстық жадында сақтайтын бағдарламалық жасақтама.

Басып шығарғыш терезесі (Printer window) Басып шығарғышқа шығарылуын күтіп тұрған басып шығару тапсырмалары туралы мәліметті көрсететін терезе. Әрбір орнатылған немесе жалғанған басып шығарғыш бойынша басып шығару кезегіндегі құжаттардың санын, олардың иелерін және мөлшерін білуге болады.

Бейне бейімдеуіш (Display card, Display adaptor) Деректерді монитор бейнебетінде көрсетуге мүмкіндік беретін, компьютердегі кеңейтім тақтасы. Деректерді бейнелеу сапасы бейне бейімдеуішке де, сондай-ақ мониторға да байланысты болады.

Бейнебет ажыратылымдығы (Display resolution) Пикселдермен өлшенетін, бейнебетте көрініс беретін ақпараттың көлемін айқындайтын параметр. 640 × 480 сияқты төмен ажыратылымдық бейнебеттегі элементтерді үлкен қылып көрсетеді де, бейнебеттегі бос аймақ кіші болады. 1024 × 768 сияқты жоғары ажыратылымдық бейнебеттегі тұтас аймақты үлкейтіп. жекелеген элементтерді кіші етіп көрсетеді.

Белгіше (Icon) Бейнебетте көрінетін және пайдаланушы қандай да бір әрекеттерді жасай алатын нысанды көрсететін кішкене сурет. Белгішелер әмірлерді еске сақтамастан немесе оларды пернетақтадан терместен компьютердің белгілі бір әрекеттерін басқаруға мүмкіндік береді.

Белсенді (Active) Қазіргі сәтте пайдаланылып жатқан немесе бөлектелген терезені немесе белгішені суреттейді. Амалдық жүйе сіз таңдаған келесі перне басылымын немесе әмірді белсенді терезеге өздіктік түрде қолданады. Жұмыс үстеліндегі таңдалмаған терезелер немесе белгішелер енжар болып табылады. Терезені немесе белгішені белсенді ету үшін оның үстінен басыңыз.

Белсенді элементтер (Active elements) Көрсетілетін деректері жаңартылып отыратын ақпарат, мысалы, биржалық мәліметтер, ауа райы кестесі немесе жаңалықтар. Белсенді элеметтер әдетте Интернет арқылы жаңартылып отырады.

Бөлектеу (Select) Қандай да бір әрекет жасалуға тиіс деректерді немесе мәтінді пернетақтаның немесе тінтуірдің көмегімен бейнебетте белгілеу.

В Веб (World Wide Web, WWW) Еренсілтемелерді пайдалана отырып Интернетті қарап шығу жүйесі. Веб-шолғышты пайдаланған кезде бұл жүйе мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейне нысандарының жиыны түрінде көрініс береді. Сондай-ақ Интернет терминін қараңыз.

Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама (Antivirus software) Вирусқарсы бағдарламалар электрондық поштада және компьютердегі басқа файлдарда вирустар, «құрттар», «трояндық аттар» бар-жоғын тексереді. Вирус, «құрт» немесе «трояндық ат» табылған жағдайда, вирусқарсы бағдарлама вирус компьютерге және файлдарға зиянын тигізбей тұрғанда, оны карантинге қояды немесе түгелдей жояды.

Г Гигабайт (ГБ) (Gigabyte, GB) Дерек өлшеу бірлігі, 1 024 МБ-қа тең. Сондай-ақ килобайт (KБ); мегабайт (MБ) сөздерін қараңыз.

Д Дискі (Disk) Компьютерге тіркелетін, дерек сақтау құрылғысы, мысалы, алмалы дискі немесе тұрғылықты дискі (компьютердің тұрақты ішкі құраласы).

Дискі, дискі әрпі (Drive, Drive Letter) Белгілі бір файл жүйесі үшін пішімделген және дискі әрібі бар дерек сақтау аймағы. Дерек сақтау үшін алмалы дискі, ықшам дискі, тұрғылықты дискі немесе басқа түрлі дискіні пайдалануға болады. Дискілер A әрпінен бастап, соңынан қос нүкте келетін әріптермен белгіленеді. Дискінің мазмұнын жетектегіштегі немесе «Менің компьютерім» терезесіндегі оның белгішесінің үстінен басу арқылы қарап алуға болады. Сондай-ақ файл жүйесі терминін қараңыз.

Дыбыстауыш тақта (Sound card) Дербес компьютерлер үшін дыбыс жазу мен ойнату мүмкіндігін қамтамасыз ететін кеңейтім тақтасы.

Дыбыстық файл (Audio file) Дыбыстық файлда Windows жүйесі компьютерде дыбыстық жазбаларды ойнату үшін пайдаланатын деректер орналасады. Windows жүйесіндегі дыбыстық файлдардың кеңейтімі — wav.

Е Енгізу тілі (Input Language) Деректер енгізілетін тілге сәйкес келетін тіл және пернетақта жаймасы.

Ендірілген нысан (Embedded object) Басқа бағдарламада жасалған деректерді құжатқа кірістіру. Ендірілген деректерді жаңа құжатта олар қай бағдарламада жасалған болса, сол бағдарламаның мәзірлері мен құралдар үстелдерінің көмегімен өзгертуге болады. Ендірілген деректерді өзгерту үшін оларды бөлектеңіз де, үстінен екі рет басыңыз. Бейнебетте осы деректер қай бағдарламада жасалса, сол бағдарламаның мәзірлері мен құралдар үстелдері пайда болады. Ендірілген деректер бастапқы құжатпен байланысын сақтамайды. Бұл – егер бастапқы құжатта деректер өзгертілсе, ол жаңа құжатта көрінбейді деген сөз.

Еренсілтеме (Hyperlink) Файлға, файлдағы белгілі бір жерге немесе Интернеттегі веб-бетке өту үшін үстінен нұқым жасалатын, асты сызылған түсті мәтін немесе сурет.

Ж Жабдық (Hardware) Компьютерлік жүйенің физикалық құраластары, соның ішінде перифериялық құрылғылар, мысалы, басып шығарғыштар, модемдер және тінтуірлер.

Желі (Network) Компьютерлер мен басқа да құрылғылар, мысалы, басып шығарғыштар мен мәтіналғылар тобы, олар барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған. Желілер шағын немесе үлкен, тұрақты (кабельдердің көмегімен) немесе уақытша (телефон желілері немесе сымсыз арналар арқылы) жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — әлемдік желелір тобы болып табылатын Интернет. Сондай-ақ желілік бейімдеуіш терминін қараңыз.

Желіаралық қалқан (Firewall) Әдетте ішкі желіге немесе Интранетке сырттан рұқсатсыз қатынауға кедергі жасау үшін қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ететін, аппараттық жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың қосындысы. Желіаралық қалқан желіден тысқары аралық сервер арқылы байланыс жолын жоспарлау арқылы желі мен сыртқы компьютерлер арасындағы тура байланысты болдырмайды. Аралық сервер файлы желі арқылы жіберу қауіпсіз болатын-болмайтынын айқындайды. Желіаралық қалқан сондай-ақ қауіпсіз жиекті шлюз деп те аталады.

ЖЖҚ (жедел жадтайтын құрылғы) (Random Access Memory, RAM) ЖЖҚ-ны компьютер бағдарламалық жасақтамаларды іске қосатын есептеу үрдістерін орындау үшін пайдаланады. Сонымен қатар ЖЖҚ-да бейнебетте көрінетін деректер уақытша сақталады. ЖЖҚ көлемінің артуы компьютерде күрделі бағдарламаларды іске қосуға және үлкен файлдарды өңдеуге мүмкіндік бермейді. Компьютер сөндірілген кезде ЖЖҚ-да сақталған деректер жойылып кетеді.

ЖК (жасырын көшірме) (Carbon Copy, CC) Хабардың жасырын көшірмесі. Электрондық пошта хабарының осы жолағында аты көрсетілген хабар алушы хабардың көшірмесін алады, ал басқа алушыларға оның аты-жөні көрінбейтін болады.

Жою (Delete) Тұрғылықты дискіден бағдарлама файлдары мен қалталарын жою, сондай-ақ жүйелік тізілімнен тиісті деректерді жою әрекеті.

Жұмыс үстелі (Desktop) Windows жүйесінің жұмыс үстелі — бұл бейнебеттегі нағыз жұмыс үстелі сияқты ұйымдастырылған аймақ. Мұнда белгішелер, мәзірлер мен терезелер сияқты сан алуан элементтер орналасқан; олардың көмегімен бағдарламаларды іске қосуға және әр түрлі тапсырмаларды орындауға болады. Windows жұмыс үстелінде осы нысандарды кәдімгі жұмыс үстеліндегі сияқты жылжытуға және қайта реттеп қоюға, сондай-ақ жұмысты бастауға және аяқтауға болады. Сондай-ақ пайдаланушының сызбалық интерфейсі терминін қараңыз.

Жүйелік тақта (Motherboard) Компьютердің негізгі құрастырғыш тақтасы. Жүйелік тақтада қосымша тақталарды тіркеуге арналған ағытпалар бар.

Жылдамдығы жоғары қосылым (Broadband connection) Интернетке жоғары жылдамдықпен қосылу, мысалы, DSL арқылы немесе кабельдік модемнің көмегімен қосылу.

И Интернет (Internet)