Дәстем Қарабасұлы (1677, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Гүлтөбе қонысы - 1752, Ресей, Қорған облысы, Петухово ауданы, Өзентал қыстауы) - ақын, күйші, Толыбай сыншының немересі, Қарабас батырдың үшінші ұлы.

Ауыл молдасынан сауат ашқан. Дәстем өлең-жыр шығарып, ән салу, сыбызғы, домбыра тарту өнерін медреседе жүргенде тастамай, жетілдіре берген. Ел арасында сыбызғымен күй тартып, домбырамен ән шырқап, өлең-жырлар шығарып, сал-серілік құрғандықтан, ақын Дәстем, әнші Дәстем, сал Дәстем, сері Дәстем, жыршы Дәстем атанады.

Дәстем 17-ғасырдың соңы мен 18-ғасырдың 1-жартысындағы қазақ-қалмақ соғысына қатысқан.

"Хан - сұлтандар", "Бозқозыұлы Бөкенбай", "Дәстемнама" тарихи дастандар, "Гүлжаһан", "Майдан", "Ақбоз ат" деген әндер, "Шайқас", "Жекпе-жек", "Ақиық", "Шыжым", т.б. күйлер шығарған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Керей руыннан шыққан. Дереккөздер

Санат:1677 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Солтүстік Қазақстан облысы) туғандар Санат:1752 жылы қайтыс болғандар Санат:Петухово ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақ ақындары Санат:Күйшілер Санат:Қазақ-жоңғар соғысына қатысушылар