Виктор Леонидович Демьяненко (26.08.1958 жыл, Алматы) - боксшы. Орыс.

Әкесі - Демьяненко Леонид Андреевич, ағаш ұстасы болып жұмыс істеген. Анасы - Демьяненко Надежда Кузьминична, дезинфектор болып жұмыс істеген.

Алматы жеңіл өнеркәсіп және тұрмыстық қызмет көрсету техникумын (1979) тұрмыстық аппаратура техник-технологы мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын (1984), дене шынықтыру және спорт жаттықтырушысы мамандығы бойынша бітірген.

1985 жылдан - «Динамо» Республикалық кеңесінің бокстан аға жаттықтырушысы. 1991 жылдан - Тунис құрама командасының бокстан аға жаттықтырушысы. 1993 жылдан - Қазақстандық кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті. 2007 жылдан бері - Қазақстан республикалық кәсіпқой бокс федерациясының президенті.

КСРО-ның жасөспірімдер арасындағы біріншілігінің жеңімпазы (1975), КСРО жасөспірімдер арасындағы біріншілігінің жеңімпазы (1976, 1977), Э. Греемо кубогының иегері (Стамбул, 1978), екі мәрте Еуропа чемпионы (1976, 1979), Әлем кубогының иегері (1979), КСРО чемпионы (1979, 1980, 1983), үш мәрте КСРО Халықтары спартакиадасының чемпионы (1979, 1980, 1983), Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (1980). «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (1980), ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Президиумының құрмет грамоталарымен (1979, 1983) марапатталған. КСРО көрнекті боксшысы. КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері (1989).

Үйленген. Жұбайы - Демьяненко Фатима Владимировна, аудармашы. Ұлдары - Демьяненко Виталий, Демьяненко Сергей.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:26 тамызда туғандар Санат:1958 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:1970 жж. боксшылары Санат:1980 жж. боксшылары Санат:Жеңіл салмақ боксшылары Санат:Жеңіл салмақ санаты боксшылары Санат:1980 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының боксшылары Санат:1980 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Бокстан Еуропа чемпиондары Санат:Бокстан КСРО чемпиондары Санат:Алматы жеңіл өнеркәсіп және тұрмыстық қызмет көрсету техникумы түлектері Санат:Қазақ спорт және туризм академиясы түлектері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Алфавит бойынша боксшылар Санат:КСРО боксшылары Санат:Қазақстан боксшылары