Жермай , керосин — С9 — С16 көмірсутектерінің қоспасы. Құрамында 23 — 60% қаныққан алифаттық, 24 — 58% нафтенді, 6 — 15% ароматты, 1%-ке дейін қанықпаған көмірсутектер болатын сұйықтық. Қайнау t 200 — 300° С; тығыздығы 0,790 — 0,846 г/см³. Негізінен, мұнайды дистилдеу арқылы алынады; күкіртті мұнайдан алынған жермайды гидротазалаудан өткізеді. Негізгі сорттары: авиациялық жермай (ауа-реактивті және газ-турбиналы қозғалтқыштарға отын ретінде қолданылады); жарық беретін жермай (жарық беретін және қыздырғыш шамдарда, металл кесетін аппараттарға және тұрмыстық құралдарға отын, химия өндірісінде еріткіш ретінде, т.б. қолданылады). Қазақ энциклопедиясы,3 том Сыртқы сілтемелер Последний бой углеводородов?, Новости космонавтики, ақпан 2008 жыл ГОСТ 10227-86. Топлива для реактивных двигателей. Технические условия. ГОСТ 12308-89. Топлива термостабильные Т-6 и Т-8В для реактивных двигателей. Технические условия. ГОСТ Р 52050-2006. Топливо авиационное для газотурбинных двигателей Джет А-1 (Jet A-1). Технические условия. Из истории керосина Керосин Дереккөздер
Санат:Химия