Жолымбет — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы кент, Жолымбет кенттік әкімдігі орталығы. Іргесі 1932 жылы алтын кенішінің ашылуына байланысты қаланған. 1940 жылдан кент.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шортанды кентінен шығысқа қарай 49 км-дей жерде, Ащылыайрық өзенінің оң жағасында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен52184258 4011 94,2 2118 2066 97,5 2140 1945 90,9
Кәсіпорындары «Қазақалтын» кен байыту комбинатының басқармасы, алтын өндіретін кеніш, кен байыту фабрикасы, техникалық қызмет көрсету стансасы және тігін фабрикасы жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы 3 бала бақша, 2 орта мектеп, 1 мектеп-интернат, музыка мектебі, мәдениет үйі, 3 кітапхана, аурухана, кинотеатр, тұрмыстық қызмет үйі, 5 спорт залы, 1 асхана, 20-дан астам сауда мекемелері бар. Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарына ескерткіш орнатылған. Тұрғындары Астана, Көкшетау, Степногорск қалаларымен, Шортанды кентімен, т.б. елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Шортанды ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері