Интерпол– "International polіcie" сөзінің күрделі қыскартылуынан құралған. 1914ж. сәуір айында 14 елдің сарапшы-заңгерлері мен полиция офицерлері Монакада криминалды полицияның бірінші Халықаралық конференциясына жиналған болатын. 1923 жылы құрылған қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы. 1972 жылдан бастап штаб-пәтерінің орналасу орны Франция (Лион қаласы) болып анықталды.

Интерпол ұйымының мақсаттары: -елдердің қолданыстағы заңдары шегінде қылмыстық полицияның барлық органдарының өзара ынтымақтасуын қамтамасыз ету және дамыту;

-жалпы қылмыстық істермен күресудің алдын алуға тиімді көмектесетін мекемелерді құру және дамыту.

Интерпол қылмыскерлерді тіркеудің халықаралық орталығы ретінде әрекет етеді, сондай-ақ қылмыскерлерді (күдікті, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды, ұрланған кұндылықтарды) халықаралық іздестіру жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады. Қазіргі уақытта Интерпол 190 елдің өкілдерінен, әлемнің барлық елдерінің полиция офицерлері жұмыс істейтін Бас хатшылықтан тұрады.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6

Дереккөздер

Санат:Құқық Санат:Заң