alt=Aristotle teaching, from London, British Library MS or. 2784, f. 96r. This part of the manuscript contains the earliest illustrated text of the Kitāb naʿt al-hayawān, a bestiary attributed to Jabril ibn Bukhtishu. From c. 1220, possibly a monastery in North Jazira (in Mesopotamia). (Anna Contadini, 'A Bestiary Tale: Text and Image of the Unicorn in the Kitāb naʿt al-hayawān (British Library, or. 2784, f.96)', Muqarnas, 20 (2003), 17-33; https://www.jstor.org/stable/1523325.)|нобай|Ортағасырлық араб қолжазбасындағы суретте Аристотель шәкірт тәрбиелеп отыр. Ислам философиясы — исламдық дәстүр аясында қалыптасқан философиялық ілімдер жиынтығы. Ислам философиясын орта ғасырларда негізінен ислам дінін қабылдаған және араб тілін (сирек кездері парсы тілін) пайдаланған Шығыс халықтарының ойшылдары өндірді, сондықтан философтар мен философия тарихшылары «араб философиясы»,https://www.jstor.org/stable/826146 «мұсылман философиясы»,Мусульманская философия (фальсафа): антология (перев. с араб.; в соав. с Н. В. Ефремовой). — Казань, 2009. «араб-мұсылман философиясы»https://iphlib.ru/library/collection/newphilenc/document/HASH0155bee878519a2e6289cb55 және т.б. терминдерді де пайдаланады. Кейінірек мұсылман елдерінің мемлекеттік тілдерінде (түрік, урду және т.б.) философиялық еңбектер көптеп жазыла бастайды. Қазіргі ислам философтары ағылшын тілінде де жазады, өйткені олардың еңбектері негізінен араб елдерінің, Пәкістанның ағылшын тілін жақсы білетін элитасына, сондай-ақ Батыс елдеріндегі мұсылман диаспораларына бағытталған.

Исламның алтын ғасырымен тұстас келетін ерте ислам философиясы әл-Киндиден (IX ғасыр басы) басталып, ибн Рұшдпен (XII ғасыр аяғы) аяқталады. Ибн Рұшдтың өлімімен ислам философиясының перепатетикалық немесе мәшшаилік мектебі деп аталған ерекше пәні тоқырап, Андалусия сияқты Батыс мұсылман елдерінде және Солтүстік Африкада философиялық белсенділік біршама азайды.

Ислам философиясы Шығыс мұсылман елдерінде айтарлықтай ұзақ сақталып, әсіресе Сефевилік Персияда, Осман империясында және Ұлы моғол империясында бірнеше философиялық мектеп өркендеді, атап айтқанда: авиценнизм (синауия), аверроизм (рұшдия), ишрақия, трансценденттік теософия (мұтағали хикмет), сопылық философия, исфаһандық философия. Ибн Халдун өзінің «Мұқаддима» деген еңбегінде тарих философиясына маңызды үлес қосты. XIX ғасыр аяғы — XX ғасыр басындағы Нәһда («Ояныс») қозғалысы кезінде ислам философиясына қызығушылық қайта жанданып, содан әліге дейін сақталып келеді.

Ислам философиясы христиандық Еуропаға үлкен әсерін тигізген. Арабша философиялық мәтіндердің латын тіліне аударылуы «ортағасырлық латын әлеміндегі барша дерлік философиялық пәннің трансформациясына әкеліп», мұсылман философтарының ықпалы әсіресе табиғат философиясында, психологияда, метафизикада қатты білінді.https://plato.stanford.edu/entries/arabic-islamic-influence/

Кіріспе Ислам философиясы — түрліше анықталатын және қолданылатын жалпылама термин. Ауқымды мағынасында ол Ғаламның жаралуы мен Жаратушының еркіне қатысты исламдық мәтіндерден (Құран мен сүннеттен) тарайтын мұсылмандық дүниетанымды білдіреді; және бір мағынасында матұриди, ашғари, мүтәзили секілді кәлам мектептеріне қарата қолданылады; тар мағынасында — ислам империясы билігінің астында немесе араб-мұсылман мәдениеті мен ислам өркениеті аясында дамыған неоплатонизм, аристотелизм секілді грек философиялық жүйелерін білдіретін фәлсафа сөзінің аудармасы. Діни мәтіндерде кездесетін «хикмет» (араб. حكمة, хикмәһ — «даналық», «білгелік») сөзі «философия» сөзіне жақын мағынаны беретіндіктен, ислам философтары осы терминді де жиі пайдаланған.

Классикалық немесе ерте ислам философиясының негізгі қайнарлары — ислам (әсіресе Құраннан алынған идеялар)Fakhry, Majid (2006). "Philosophy and the Qurʾān". In McAuliffe, Jane Dammen (ed.). Encyclopaedia of the Qurʾān. Vol. IV. Leiden: Brill Publishers. doi:10.1163/1875-3922_q3_EQCOM_00146. ISBN 90-04-14743-8. және ерте мұсылмандар шапқыншылық нәтижесінде мұралаған грек философиясы, сондай-ақ исламға дейінгі үнді философиясы мен парсы философиясы. Ерте философиялық пікірталастар — грек философиясы үлгісімен — дін мен ақыл үйлесімі төңірегінде өрбіген.

Ислам философиясы міндетті түрде діни сұрақтармен айналыспайды және тек мұсылмандар тарапынан өндірілмейді.Oliver Leaman (2002). An Introduction to Classical Islamic Philosophy (ط. 2). Cambridge University Press. ص. 211–12. ISBN:0521793432. Сонымен қатар философиялық зерттеулердің пайдасы мен заңдылығын исламдағы ой мектептерінің бәрі мойындай бермейді. Тағы бір ескеретіні — «ақыл» (араб.: عقل, ʿәқл) кейде ислам заңнамасының қайнары деп танылса да, оның мағынасы философиядағы «ақылдан» басқа болуы мүмкін.

Классикалық ислам философиясы Ерте ислам ойы негізгі екі бағытта дамыды. Біріншісі — схоластикалық ислам теологиясының рационалистік формасына қатысты кәлам (тікелей аудармасы: «сөз»); екіншісі — философиямен қатар логика, математика, физиканы қамтитын фәлсафа (тікелей аудармасы: «философия»). Бұл екі бағытты үйлестіруге тырысқан философ-теологтар да болды, атап айтқанда: ибн Сина, ибн Рұшд, ибн әл-Һайсам, Әбу Райхан әл-Бируни және т.б.

Кәлам ʿИлм әл-кәлам (араб. علم الكلام) — ислам теологиясы принциптерін диалектика арқылы анықтайтын философиялық бағыт. Кәламдағы алғашқы пікірталастар ерікті жақтайтын қадарилер (араб. قدر, қәдр — «жазмыш» сөзінен) мен тағдырды жақтайтын жабарилер (араб. جبر, җәбр — «құдірет» сөзінен) арасында өрбіген.

Һижра бойынша II ғасырда Басра (Ирак) теологиялық мектебінде жаңа қозғалыс пайда болды. Хасан әл-Басридің шәкірті Уасыл ибн Ата ауыр күнә арқалаған мұсылманның жағдайы мәселесінде ұстазымен келісе алмай, бұл топтан бөлініп шығады. Ол алдыңғы қадарилер мен жабарилердің радикал пікірлерін жүйелеуге кірісіп, ақырында мүʿтәзиләһ (араб. اعتزال, иʿтизал — «бөлінген», «ажыраған» сөзінен) деп аталған жаңа мектептің негізін қалады.

Мүтәзилилер ислам доктриналарын қатаң рационализм арқылы түсіндірді. Олар — исламдағы рационалдық теологияны қалыптастыруға талпынған алғашқылардың бірі. Алайда мүтәзилилер өзге кәлам мектептерінің өкілдері, атап айтқанда, матұриди мен ашғари мүтәкаллимдері (теологтары) тарапынан қатаң сыналады. Ашғари мектебінің ғалымы Фахр әд-Дин әр-Рази мүтәзилилерге қарсы Әл-мүтәкәллимӣн фӣ ʿилм әл-кәлам («Ислам теологиясындағы теологтар») деген еңбек жазды.

Кейіндері кәлам тек жүрек міндеттерін анықтайтын «теология» сөзінің мағынасында қолданылып, дене міндеттерін анықтайтын фиқһ-ке (құқықтануға) қарсы қойылып келді.https://books.google.com/books?id=fuv8J-g7EdAC&pg=PA1#v=onepage&q&f=false

Фәлсафа «Фәлсафа» (араб. فلسفة, фәлсәфәһ) терминін көбіне нақты мұсылмандық перепатетизм немесе Шығыс аристотелизмі мектебіне қатысты қолданады.Мусульманская философия (фальсафа): антология (перев. с араб.; в соав. с Н. В. Ефремовой). — Казань, 2009. Одан бөлек Их̣уан әс̣-с̣әфа (Тазалық бауырлары) бастаған тағы бір үрдіс неоплатондық және неопифагорлық дүниетанымды Аристотель тілімен тарқатқан.

Һижра бойынша I ғасырда халифат аумағы жылдам ұлғайып, мұсылмандар жаңа мәдениеттермен танысады. Алдымен Үмәуилер, кейіннен Аббасилер билігі тұсында ежелгі грек, санскрит, сирия тілдерінен ғылыми және философиялық мәтіндер арабшаға аударылды. Грек философиясын дәріптеп, «фәйласуф» атанған алғашқы мәшшаи (мұсылман перепатетик) — «арабтар философы» әл-Кинди саналады.Abboud, Tony (2006). Al-Kindi: the father of Arab philosophy. Rosen. ISBN 978-1-4042-0511-6. Мұсылман философтары Платон, Аристотель секілді грек ойшылдары көзқарастарын ислам ойымен біріктірді. Мұндай жүйені алғаш ұсынған — «екінші ұстаз» әл-Фараби.https://web.archive.org/web/20101206132830/http://imamat-news.ru/index.php?option=com_content&view=article&id=16190&catid=33:Nasledie-Islama&Itemid=401  Бұдан ары ақыл мен нақыл үйлесімі мәселесіне ерте мұсылман ойшылдары — Их̣уан әс̣-с̣әфа, ибн Сина, ибн Рұшдтен өтіп, кейінгі мұсылман ойшылдары — Сұһрауарди, Мир Дамад, Молла Садраға дейін қалам тартады.

Фәлсафаның келесі бір үлкен өкілі ибн Сина ислам ойындағы логика (мантық), этика (ахлақ), метафизиканы жаңа деңгейге көтерді. Оның негізгі әрі көпшілік еңбегі арабша, бірен-сараны парсыша: ол жазған Данешнамеһ-йе ʿӘлаʾи («ʿӘлаʾ әд-Дәулаға арналған білік кітабы») — жаңа парсы тіліндегі алғашқы философиялық туынды. Аристотельге шәрхтерінде (комментарийлерінде) ол «бірінші ұстазды» жиі сынап, ижтиһад түріндегі пікірталасқа жүгінген.Stroumsa, Sarah (1992). "Avicenna's Philosophical Stories: Aristotle's Poetics Reinterpreted". Arabica. 39 (2): 183–206. doi:10.1163/157005892X00166. ISSN 0570-5398. JSTOR 4057059. Archived from the original on 13 October 2022. Retrieved 13 October 2022. Ибн Синаның неоплатондық эманация схемасы XII ғасырда кәламнан іргелі орын алды.Nahyan A.G. Fancy (2006), pp. 80–81, "Pulmonary Transit and Bodily Resurrection: The Interaction of Medicine, Philosophy and Religion in the Works of Ibn al-Nafīs (d. 1288)", Electronic Theses and Dissertations, University of Notre Dame Archived 4 April 2015 at the Wayback Machine[page needed]

Классикалық кезеңнің аяғы alt=Detail of Averroes in a 14th-century painting by Andrea di Bonaiuto.|солға|нобай|XIV ғасырға тиесілі суреттегі ибн Рұшд бейнесі.|235x235 нүкте XII ғасыр шенінде философтар мен ортодокстар тарапынан бірдей айыпталған кәлам, жақтаушысы табылмай, жоққа айналды. Бірақ сонымен бір кезеңде фәлсафа да қатаң сынға ұшырайды. Мұсылман перепатетизміне ең қарымды соққы жасаған — әл-Ғазали. Ол өзінің Тәһафұт әл-фәласифәһ («Философтардың қисынсыздығы») деген еңбегінде мәшшаилік мектептің негізгі аргументтерін жарамсыз етіп шығарды.Leaman, 25, 27. "In this book [Intentions of the philosophers] he seeks to set out clearly the views of his opponents before demolishing them, in the subsequent Incoherence of the philosophers."

Ерте ислам философиясының соңғы өкілдерінің бірі ибн Рұшд фәлсафа көзқарастарын әл-Ғазали сынынан қорғауға кірісті. Ибн Рұшд теориялары ибн Бажжа мен ибн Тұфайл (олар әл-Фараби мен ибн Сина ілімдеріне сүйенген) теорияларынан қатты ерекшеленбейді. Бірақ әл-Фараби, ибн Сина және т.б. ислам философтары дәстүрлі сенімдерге, былайша айтқанда, қол сұғатын тақырыптарды атүсті қарастырса, ибн Рұшд оларға айрықша нақтылық пен басымдық бере тоқталған. Әл-Ғазали сынына жауап ретіндегі Тәһафұт әт-тәһафұт («Қисынсыздың қисынсыздығы») деген еңбегінде ибн Рұшд философияны рационалистік тұрғыда жақтап шықты.

Батыс ғалымдары классикалық ислам философиясының ибн Рұшдпен аяқталуын тікелей әл-Ғазали сынымен байланыстырып келді.Anwar, Sabieh (October 2008), "Is Ghazālī really the Halagu of Science in Islam?", Monthly Renaissance, 18 (10), retrieved 2008-10-14 Мысалы, С.Ф. Старр көзқарасынша, ...ибн Рұшд кеш қалды. Әл-Ғазалидің ғылым мен философияны қарқынды әшкерелеуі арабша оқитын бұқара арасында баяғыда-ақ беделге жеткен еді. Бұдан былай мұсылман әлемінде еркін ғылыми зерттеулерге, алшаңдата философия соғуға орын қалмайды…Утраченное Просвещение: Золотой век Центральной Азии от араб ского завоевания до времен Тамерлана/Стивен Фредерик Старр. — Пер. с англ. С. 548 Дегенмен ислам әлеміндегі рационализмнің құлдырауын әл-Ғазали сынынан көрі әлеуметтік-экономикалық және саяси себептерге тірейтін пікірлер кейіндері жиі айтылып жатыр.https://www.google.com/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=&ved=2ahUKEwjZ9JPgm--DAxVf-AIHHVd1DScQFnoECA0QAQ&url=https%3A%2F%2Fiphras.ru%2Fuplfile%2Froot%2Fbiblio%2Fpj%2Fpj_2015_8(3)%2F60-77.pdf&usg=AOvVaw1U6LlWiepkKaOPLYf1yI81&opi=89978449

Кейінгі ислам философиясы Ерте ислам рационализмінің тоқырауы туралы дәстүрлі көзқарасқа қарамастан, Дмитрий Гутас пен Стэнфорд философия энциклопедиясы (Stanford Encyclopedia of Philosophy) XI—XIV ғасырлар аралығын ислам философиясының нағыз «алтын ғасыры» деп көрсетеді. Бұған әл-Ғазалидің медреселердегі оқу бағдарламасына логиканы сәтті енгізіп, артынша синауияның (авиценнизмнің) өркендегені мұрындық болған.Tony Street (July 23, 2008). "Arabic and Islamic Philosophy of Language and Logic". Stanford Encyclopedia of Philosophy. Retrieved 2008-12-05.