Картатану Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы – географиялық картаның элементтерін, қасиетін, іс жүзінде пайдалану мүмкіндіктерін, сондай-ақ карта жасау тарихын зерттейтін ғылым, картографияның бір саласы.
Картатану картографиялық бейнелердің саналық және сапалық сипатын, құрылымын және динамикасын беретін нақты құбылыстың кеңістіктегі моделін зерттейді. Картатану картографияның бір саласы ретінде картогр. бейнелердің түрі мен қасиетін зерттеп, маңызды картогр. деректерге жүйелі сипаттама береді. Картатану талдау амалдары мен картаны пайдалану әдістерінен тұрады. Дереккөздер