Тынысбек Шәріпұлы Кәлменов(5.5.1946 жылы туған, Түркістан облысы Төле би ауданы Көксәйек ауылы) – физика-математика ғылымының докторы (1983), профессор (1986),
Дулат тайпасының Жаныс руынан. 2003 Қазақстан ҒА-ның академигі, 1996 Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. 1969 Жаңасібір университетін (Ресей) бітірген. 1969–72 КСРО ҒА Сібір бөлімшесінің Математикалық институтының аспиранты. 1972–85 Қазақстан ҒА Математика және механика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі. 1985–91 ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі және декан. 1991–97 Қазақ химия-технология институтының ректоры қызметтерін атқарды. 1997 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері вольтерралық емес трикоми операторы проблемасын шешуге арналған. Сондай-ақ ол гиперболалық, эллипстік және аралас типтегі теңдеулер үшін локальді емес шекаралық есептердің спектрлік теориясын құрды. Қазақстан Ленин комсомолы сыйл. лауреаты (1978).Қазақ Энциклопедиясы, ҚР ғылымыҚазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1946 жылы туғандар