Моногибридтік будандастыру деп - сырт пішіні бір - бірінен бір ғана белгіден өзгешілігі бар аталық - аналық жұптардың қосылуы. Осы белгілердің сырт көрінісін фенотип, ал нәсілдік қасиеттердің, яғни гендердің жиынтығын - генотип деп атайды. Бұл атауларды 1903ж В.Иоганнсен кіргізген. "Р" қатарында будандастырып отырған аталық - аналықтардың белгілері, яғни фенотипі жазылады. белгілердің фенотипінің дәл үстінде жазылған әріптер (АА, аа) сол белгілердің нәсілдік қасиеттері - гендері. Гаметыаның құрамында белгінің жұп нәсілдік қасиеттінің, яғни аллельдердің біреуі ақ болады. Қарама қарсы жұп белгілерді 1902ж В.Бэтсон аллеломорфтық жұп деп, ал белгінің жұптығын аллеломорфизм деп атауды ұсынды. 1926ж Иоганнсен "аллеломорфизм" атауын қысқаша - "аллелизм", ал бір жұптағы жеке бірлікті "аллель" деп атауды ұсынды. "Доминанттық" немесе "рецессивтік аллель" деп бір геннің қарама - қарсы белгіні мипаттайтын күйін атайды. F 1 - бірінші ұрпақ фенотипі бойынша біркелкі, бәрі сары, сондықтан Г.Мендельдің бірінші заңын доминанттылық немесе "бірінші ұрпақтың біркелкілік заңы" деп атайды. алғашқы ұрпақта ұқсас аллель қасиеттің біреуі доминант, рецессивті қасиет білінбей қалады. Аналық сары бұршақтың генотипі бірінғай аллельден - АА тұрса, бірінші ұрпақтың сары бұршағының генотипі әр түрлі аллельден - "А" және "а" тұрады. Осыған орай біріңғай аллельден тұратын тұрақты генотипті (АА және аа) 1902ж В.Бэтсон гомозигота, ал әр түрлі аллельден тұратын ажырасатын түрін (Аа) - гетерозигота деп атауды ұсынды. Бүл атаулар "зигота", яғни ұрықтанған жұмыртқа клеткасы деген терминнен шыққан. Бұл терминдер генетикада кеңінен қолданылады.'''''''' ''''''''''
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Моногибридтік · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.