Крахмал (нем. Kraftmehl) – өсімдіктерде болатын полимерлік көмірсу, табиғи полимер: (С6H10O5)n. Табиғи крахмал біртекте емес, ол сызықтық полимер амилоза (25%) мен тармақталған полимер — амилопектиннен (75%) тұрады, орташа молекулалық массасы бірнеше жүзге тең. Қазақ тілі терминдер сөздігі I томО.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0

Алынуы Табиғи полимер болғандықтан, ол глюкозадан түзіледі:

n C6H12O6 = (C6H10O5){}_{n} +n H2O

Фотосинтез нәтижесінде өсімдіктердің жасыл пигменті — хлорофилл және күн сәулесі әсерінен пайда болады:

6nCO2 +5nH2O -> (C6H10O5)n +6n O2 ^

Ол тамыр жемістілерде (30%), астық тұқымдастарда (70%) болады.

Крахмалды өндірісте картоп пен жүгеріден алады.

Қолданысы thumb|right|250px|КрахмалКисель, жеміс ботқаларын қоюлатуға, сондай-ақ кондитер бұйымдарына қосылады. (Аспаздық пен кондитер фабрикаларында көбінесе картоп, бидай және жүгері крахмалын пайдаланады). Азық-түлік өнеркәсібінде глюкоза мен сірне, желім алу үшін қолданылады.

Химиялық қасиеті Крахмалдың қасиеті глюкозадан өзгеше. Ол біртіндеп гидролизденіп декстриндер түзеді, соңынан мальтоза, одан соң глюкоза түзеді:

n C6H10O5 +n H2O -> n C6H12O6

Осы реакцияны 1811 жылы К. Кирхгоф ашқан. Крахмал негізі қоректік зат, оның ыдырауы ауыз қуысында басталып, ас-қорыту жүйесінде әрі қарай жалғасады. Крахмалға ең әуелі сілекейде болатын амилаза ферменті әсер етеді. Крахмалдың ыдырауы ферментативтік үдеріс, ол биокатализ деп аталады.

Химия. 9 сынып. Усманова М. Атамұра 2019. 271-272 бетКартоп крахмалының алынуы Картоп өндіріске гидравликалық транспортермен жуылып, жеңіл, ауыр қоспалардан ажыратылып, жуу машинасына түседі. Жуылған және өлшенген картоп ұнтақтау машинасында крахмалы босатылады. Келесі үдеріс — осы ботқа сияқты қоймалжыңды ішіндегі жасушалық шырыннан бөлу. Ол үшін ботқаны крахмал сүтімен араластырып, әртүрлі електі аппараттарға береді. Електе ботқадан бос крахмал бөліп алынады және пайда болған крахмал сүті майда екінділерден тазаланады. Қалған өнім қайтадан ұнтақталады. Крахмал сүті езінді массасының көбінен ажырағанымен, құрамында әлі де езінді бар болғандықтан әрі қарай жібектен жасалған тор көздерден өткізіліп рафинацияланады. Рафинациялаған шырында езінді аз мөлшерде болғандықтан, одан тазалау үшін қайтадан сумен жуатын гидроциклондар мен тұндырмалы-жуу центрифугалары қолданылады. Осыдан алынған шикі крахмал кептіруге жіберіледі. Кептірілген крахмал арнаулы қаптарда сақталады. Тамаққа пайдаланылатын крахмалдың бөгде иісі, дәмі және ауыр қоспалары болмауы керек; төмен сұрыпты крахмал техникалық мақсатқа жұмсалады немесе сірне өндіріледі.

Тағы қараңыз Ақуыз Майлар Көмірсулар Қант

Дереккөздер</span>

Санат:Полисахаридтер Санат:Тағам қоспалары

da:Kulhydrat#Stivelse