Алиджан Рахманұлы Ибрагимов 1953 жылы 5 маусымда туған. Мәскеу ветеринариялық академиясын (1974) бітірген, мамандығы - «Өнеркәсіп тауарлары өндірісін уйымдастыру мен саудасы экономикасы». 1974 жылдан - жеңіл өнеркәсіптің бірқатар кәсіпорындарында экономист, басшы. 1991 жылдан - «Невада-Семей» АҚ бас директоры, басқармасының терағасы, президенті. 1994-1998 жылдары - «Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесінің терағасы. 2001-2007 жылдары - Еуразия өнеркәсіп қауымдастығы төралқасының мүшесі. 2002 жылдан - «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті. 2004 жылдан - «Қазхром» ТҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін «Құрмет» орденімен (2004), сондай-ақ бизнес пенжебеушілікті дамытудағы елеулі үлесі үшін үкіметтік мадақтар және басқа елдердің қоғамдық ұйымдарының ордендерімен марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Сілтемелер Форбс ақпараты бойынша
Санат:Металлургия
Санат:1953 жылы туғандар