Людмила Радченко (11 қараша 1978, Омбы, Ресей) — Ресей моделі, италияндық тележүргізушісі, актриса.
Өмірбаяны Радченко Людмила КСРО-дағы Омбы қаласында 1978 жылы 11 қарашада туған. 1996 жылы әйгілі омбылық коркурстағы сұлылық және мода титулының «Современный образ» вице-миссі деген атаққа ие болды. Сонымен қатар ол көрермендер жүлдесінің иегері болды.
1997 жылы Омбы қаласының атынан «Ресей аруы» ұлттық сұлулық байқауында өнер көрсетті. Байқаудан кейін Мәскеу мен Санкт-Петербургте телебағдарламалардың түсіріліміне қатысты.
2000 жылы Италияға көшті. 2001 жылы «Passaparola» телебағдарламасының жүргізушісі болып жұмыс істеді. 2003 жылы «Spicy Tg» бағдарламасында «Антенна 3» телеарнасында ойнады.
2004 жылы «Fox» журналына түсті. 2005 жылы «La Talpa» реалити-шоуына қатысты.
2007 жылы «Мелодии и поклонники» бағдарламасына қатысты. Содан кейін «Sky vivo» телекомпаниясының реалити-шоуында.
2008 жылы «a light of Passion» фильмінде ойнады.
Кейін «La Talpa» поп-арт стилінде сурет салумен айналыса бастады, Миланда жұмыс жасады.
Ол Нью-Йоркте кескіндеме бойынша оқыды. 2010 жылы «парад коров» халықаралық көркем акциясына қатысты.
Милан арт-триеналында өз жұмысын көрсетті. Луккадағы қазіргі заманғы өнер мұражайында өз көрмесін өткізді. Монакодағы «Gemlucart» халықаралық көрмесіне қатысты.
Людмила Радченконың жұмыстары «Crown Fine Art» көркем галереясында (Сохо, Нью-Йорк) қойылды.
Жергілікті этикет ережелерін орыс туристеріне жеткізу мақсатында итальяндық қонақүйдің тапсырысы бойынша түсірілген әлеуметтік бейнеролик жасауға қатысты.
Телекарьерасы La sai l'ultima? (2001) Passaparola (2001-2002) Spicy Tg (2003) La talpa (2005) On the Road (2006) Tuning and Fanatics (2007) Reality Game (2007) Modeland (2008)
Фильмографиясы Людмила Радченко актрисса ретінде келесі фильмдерде түскен:
Жылы Аты Ролі Қысқаша мағлұмат 2005 20062 эпизодта2006|
|2008 || |Қысқаша |- |2009 || |TV-фильм |- |2009 ||Наташа |көркем опера |- |2010 |''LunaФильм
Модель агенттігі
Urban Management Gwen Management
Әдебиеттер Pop Art, Edizioni Skira-Feltrinelli (2010) EAN 9788857208923
Сілтемелер Модель агенттігінің каталогындағы Людмила Радченко.
Санат:Италия актрисалары Санат:Италия тележүргізушілері