Қаракөл () — Өзбекстан Республикасының Бұхара облысында орналасқан қала. Ол уәләят орталығы Бұхара қаласынан 60 км қашықтықта, Зарапшан өзенінің сағасындағы Қаракөл алқабында орын тепкен. Қаракөл қаласы — Қаракөл ауданының орталығы.

Халқы Қаладағы тұрғындар саны 1975 жылы 5,6 мың адам болса, 1991 жылы 17,6 мың адамды құраған. Ал бүгінгі күні бұл сан біршама азайып тек 2162 тұрғын қалды.

Географиясы Қала теңіз деңгейінен 190 метр биіктікте орналасқан.

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық Қаракөл — шағын қала. Халық саны бойынша өз елінде 99-шы орында (Өзбекстан), облыста 5-ші орында (Бұхара облысы). Әлемдегі барлық қалалар арасындағы орны: шамамен 16264 орын.

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Алат (10 км), Жондор (38 км), Түрікменабат (50 км, Түрікменстан), Бұхара (59 км), Галаасия (64 км), Қаған (65 км), Ромитан (65 км), Газли (76 км), Сейді (79 км, Түрікменстан), Уәбкент (80 км), Қарауылбазар (81 км), Шафырқан (88 км), Ғыждуан (97 км).

Өндірісі Қалада мақта тазартатын зауыт және Чаржоу-Қаған желісіндегі теміржол стансасы орналасқан.

Дереккөздер

Санат:Бұхара облысы қалалары