Арслан Каджар (1954 жылы 1 наурыз Элазыгда дүниеге келген) – түрік кино және телехикая актері, режиссер, жазушы, сценарийші http://tr.wikipedia.org/wiki/Arslan_Kacar .
Биографиясы
1965 жылы «» атты өлең кітабы жарық көреді. 1968 жылы орта мектепте сегіз досымен бірге Элазыгда облыс театрын ашады. 1970-1972 жылдары арасында суретті роман салып өмір сүрген.
1974 жылы Ыстамбұлдағы Әкімшілік консерваториясының театр бөліміне түседі. 1975 жылы Ыстамбұл қалалық театрда қызмет атқара бастайды. Ыстамбұл университетінің әдебиет факультеті, философия бөлімінде оқуын жалғастырып, 1982 жылғы 12 қыркүйек көтерілісінде қамауға алынып, оқудан қуылады. Сот табалдырығын тоздырып, абақтыға қамалып, үш жылдан кейін ақталады.1977 жылы Güney Film-де актер қызметімен қатар сценарист, режиссер ассистенті болып қызмет атқарaды. Башар Сабунджу, Осман Ф. Седен, Өмер Кавур, Мемдух Үн сияқты атақты режиссерлардың ассистенті болған. 1995 жылы «Bir Çuval Karanlık» сценарийі үшін Юнус Надидің ұзын метражды фильм сценарийі сыйлығының иегері болған. Деректі фильмдер, бағдарламалардың авторы.
1998 жылы «Şafak Atı» атты балаларға арналған кітап, 2008 жылда «Pepo Kuşu» романы жарық көреді.
Фильмографиясы
Cenneti Beklerken - 2005 жыл Çamur - 2002 жыл Sır Çocukları - 2002 жыл Melekler Evi - 2000 жыл Akrebin Yolculuğu - 1997 жыл Mum Kokulu Kadınlar - 1996 жыл Yer Çekimli Aşklar - 1995 жыл İz - 1994 жыл Uzun İnce Bir Yol - 1991 жыл Ahmet Hamdi Bey Ailesi - 1991 жыл Gizli Yüz - 1990 жыл Ölü Bir Deniz - 1989 жыл İçimizden Biri: Yunus Emre - 1989 жыл Gönüller Sultanı Mevlana - 1989 жыл Sis - 1988 жыл Anayurt Oteli - 1987 жыл Gece Yolculuğu - 1987 жыл Utanç Yılları - 1987 жыл Hacer Ana ve Oğulları - 1987 жыл Çalıkuşu - 1986 жыл Körebe - 1985 жыл Tatlı Bülbül - 1985 жыл Çıplak Vatandaş – 1985 жыл Dolap Beygiri - 1982 жыл Talihli Amele - 1980 жыл Düşman - 1979 жыл Bekleyiş - 1977 жыл
Дереккөздер
Санат:Түркия актерлері Санат: 1954 жылы туғандар