Қазақстан Жазушылар Одағы — Қазақстан әдебиетші қауымын біріктіретін Республикалық қоғамдық бірлестік формасындағы шығармашылық ұйым. 2023 жылдан бастап төрағасы — Мереке Әбдешұлы Құлкенов.
Тарихы Қазақстан Жазушылар одағының алғаш ұйымдасуы ҚазАПП болып құрылған кезден басталады.
1925 жылы 18 маусымда РК(б)П Орталық Комитетінің «Партияның көркем едебиет саласыңдағы саясаты туралы» деп аталатын арнаулы қаулысының қабылдануына орай, сол жылғы 12 шілдеде РК(б)П-ның Қазақ Өлкелік Комитетінің секретариаты Қазақстанның пролетариат жазушыларының ассоциациясын (ҚазАПП) ұйымдастыру жөнінде ұйғарым жасады. Құрамында С. Сейфуллин, Б. Майлин бар ұйымдастыру бюросы құрылды. Бұл ұйымға республикадағы әдебиет күштерін біріктіру және пролетариат жазушыларының Бүкілқазақстандық 1-конференциясын әзірлеу тапсырылды.
1926 жылы маусымда Қызылорда пролетариат жазушылары ассоциациясының бюросы құрылып, ҚазАПП-тың жарғысы қабылданды, оған мүшелер тартылды.
1932 жылы 28 сәуірдегі БК(б)П Орталық Комитетінің «Әдеби-керкем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулысы негізінде Қазақстан Өлкелік партия комитетінің секретариаты мамыр айында қарар қабылдады, осыдан кейін Қазақстан Жазушылар одағы құрылды, ұйымдастыру бюросының төрағалығына I.Жансүгіров тағайындалды.
1932 жылы Қазақстанның Кеңестік Жазушылар Одағын ұйымдастырды. Қазақстан Кеңес Жазушыларының 1-съезі 1934 жылдың 12 - 18 маусым аралығында өтті.
Құрамында проза, поэзия, драматургия, көркем аударма, балалар мен жасөспірімдер әдебиеті, публицистика мен очерк, сатира, орыс әдебиеті, неміс әдебиеті, кәріс әдебиеті, ұйғыр әдебиеті жөніндегі шығармашылық кеңестер жұмыс істейді.
Қазақстан Жазушылар одағы туысқан республикалардың жазушылары ұйымдарымен байланысты нығайтты; Азия, Африка жазушыларымен, мәдениет қайраткерлерімен де ынтымақтастықты күшейтті. Осының нәтижесінде 1973 жылы Азия мен Африка елдері жазушыларының 5-конференциясы Алматыда өтті Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8.
1925 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының он шақты мүшесі болса, қазіргі уақытта 810 мүшесі бар. Қазақстанның 11 облысы мен Астана қаласында бөлімшелері жұмыс істейді. Қазақстан жазушыларының ішінен Ғабит Мүсірепов Социалистік Еңбек Ері (1974), М.Әуезов Лениндік сыйлығының (1959), КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1949), Ж.Жабаев (1941), Ә.Нұрпейісов (1974), Ж.Молдағалиев (1978) КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды. Әнуар Әлімжанов (1970), А.Шамкенов (1992) Джавахарлал Неру атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты атанды.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Қазақстан Жазушылар одағының съездері
1934 жылғы 12–20 маусым — Қазақстан жазушыларының 1-ші съезі. 1939 жылғы 21–26 маусым — Қазақстан жазушыларының 2-ші съезі. 1954 жылғы 3–8 қыркүйек — Қазақстан жазушыларының 3-ші съезі. 1959 жылғы 9–11 наурыз — Қазақстан жазушыларының 4-ші съезі. 1966 жылғы Мамыр — Қазақстан кеңес жазушыларының 5-ші съезі. 1971 жылғы 26 мамыр — Қазақстан жазушыларының 6-шы съезі. 1976 жылғы 15 сәуір — Қазақстан кеңес жазушыларының 7-ші съезі.
Ресми басылымдар Қазақ әдебиеті газеті (1934), Жұлдыз (1928), Простор (1933), Жалын (1969) журналдары.
Төрағалары № Суреті Аты-жөні(Өмір сүрген жылдары) ТөрағалығыБасыАяғы0110pxСәкен Сейфуллин(1894–1938)192519291110pxІлияс Жансүгіров(1894–1938)193219352110pxҒаббас Тоғжанов(1900–1937)193519363110pxСәбит Мұқанов(1900–1973)193619374110pxМұхамеджан Қаратаев(1910–1995)193719385110pxДихан-Баба Әбілев(1907–2003)193819396110pxӘбділда Тәжібаев(1909–1998)193919437110pxСәбит Мұқанов(1900–1973)194319518110pxӘбдірахим Жаймурзин(1916–2010)195119539110pxҒабиден Мұстафин(1902–1985)1953195610110pxҒабит Мүсірепов(1902–1985)1956196211110pxҒабиден Мұстафин(1902–1985)1962196412110pxҒабит Мүсірепов(1902–1985)1964196613110pxӘди Шәріпов(1912–1993)1966197114110pxӘнуар Әлімжанов(1930–1993)1971197915110pxЖұбан Молдағалиев(1920–1988)1979198316110pxОлжас Сүлейменов(1936–)1983199117110pxҚалдарбек Найманбаев(1939–2004)1991199618110pxНұрлан Оразалин(1947–)1996201819110pxҰлықбек Есдәулет(1954–)2018202320110pxМереке Құлкенов(1951–)2023 бастап–
Дереккөздер
Санат:Қазақстан әдебиеті Санат:Қазақстан мәдениеті Санат:Жазушылар одақтары Санат:Қазақстан қоғамдық ұйымдары