Қазығұрт (1993 ж. дейін – ЛенинскоеОб упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан) — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл, аудан және Қазығұрт ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 232 км жерде, Қазығұрт тауының оңтүстік баурайында, Келес өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ең жақын темір жол бекеті – Сарыағаш.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1326419210 26283 136,8 9564 13278 138,8 9646 13005 134,8
Тарихы Іргесі 1905 жылы қаланды. Алғашында Шұқырбекет, 1916 жылы Алексеевка, 1924-1993 жылдары Ленин ауылы аталған. 1997 жылға дейін Қазығұртта ауыл шаруашылық техника бірлестігі, нан, май, кірпіш зауыттары, баспахана, автокөлік, құрылыс орындары, т.б. аудандық кәсіпорындар мен мекемелер болған. Олар 1997 жылдан кейін жекешелендіріліп, әр түрлі бағыттағы шаруа нысандарына айналды.
Инфрақұрылымы Қазығұртта 4 орта білім беру ошағы ("Болашақ", "Сатпаев", "Рысқұлов", "Жандосов"), 1 орталық аурухана, кәсіптік-техникалық колледж, мәдениет үйі, 2 кітапхана, 4 мешіт, 1 стадион, емхана, электр қуаты жүйесі, байланыс бөлімшесі, почта т.б. бар.
Табиғаты Ауданда Қазығұрт, Қаржантау, Өгем таулары бар. Жер қойнауынан минералды су, ақ құм, қиыршық тас тағы басқа құрылыс материалдары бар. Қазығұрт ауылының Солтүстік Шығысынан Тянь-Шань тауымен ұласқан Қаржантау тауы көрінеді. Келес және Өгем өзендері Қаржантау қыратында бөлініп, солтүстік шығыс жағындағы Сайрам тауларының етегіндегі Бадам өзеніне құйылады. Қыраттың орташа биіктігі теңіз деңгейін алғанда 2000-2500 м. Қазығұрт және Қаржантау таулары өзінің тік жартасты және тегістігімен ерекшеленеді. Климаты қолайлы, қысы жылы. Аудан жерінен Келес, Тастақсай, Өгем, Қаржансай өзендері ағып өтеді. Таулы өңірі мен өзен бойларында итмұрын, долана, тобылғы, жабайы алма, шырша т.б. өседі. Жануарлардан аю, қасқыр, түлкі, таутеке, қоян, саршұнақ тағы басқалар кездеседі.
Дереккөздер
Санат:Қазығұрт ауданы елді мекендері