Қамысты — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл, Қамысты ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 37 км-дей жерде, жусан, кекпек, еркекшеп, т.б. өр түрлі шептер ескен сортандау бозғылт-қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1703 адам (862 ер адам және 841 әйел адам) болса, 2009 жылы 1464 адамды (730 ер адам және 734 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1149 адамды (589 ер адам және 560 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы 1961–1997 жылдары Калинин атындағы қой кеңшарының орталығы болып келді. Кеңшар негізінде 1997 жылдан Қамыстыда және округке қарасты Бірінші мамыр ауылында 70-тен астам шаруа қожалықтары құрылған. Оларда Е. Ниетқалиев атындағы орта, бастауыш мектеп, мәдениет үйі, клуб, дәрігерлік амбулатория бар.
Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Жәнібек ауданы елді мекендері