Микеланджело Антониони (; 29 қыркүйек 1912, Феррара — 30 шілде 2007, Рим) — итальян кинорежиссері, кино өнеріндегі шығармашылығын сыншы, сценарист ретінде бастады. "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 . Кейін кинорежиссурамен шұғылданады. "Бір махаббаттың хроникасы" (1950) - оның көркемсуретті фильм жасаудағы алғашқы қадамы.
Антонионидің бұдан кейін қойған фильмдерінде ("Құрбы қыздар", "Айқай", "Таңғажайып оқиға", "Түн", "Тұтылу", "Қызыл шөл", "Блоу ап", 1955-67) қоғамның іріп-шіруі, өмірден түңілген жандардың тіршілік күйбені бейнеленген.
Дереккөздер
Санат:Құрметті Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Алтын пальма бұтағы сыйлығының иегерлері (режиссёрлер)