Байтал - үш жасқа толған ұрғашы жылқы малы.
Жалпы төрт жасқа шыққан жылқының еркегі дөнен, ал ұрғашысы дөнежін, дөнежін бие немесе дөнежін байтал аталады. Дәстүрлі ортада жыныстық жағынан толық жетіліп, әбден толысқан соң байталды айғырға қосады немесе таңдаулыларынан қысырақ матайды. Қазақ ұрғашы жылқыны бәйгеге қоспаған, «Байтал шауып бәйге алмас, құнан шауып құр қалмас» деген мәтел осыдан қалса керек.Арғынбаев X. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969 Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Жылқылар Санат:Мал шаруашылығы