Уимблдон турнирі (; жиі жай ғана Уимблдон ) — Лондондағы Уимблдон ауданында жыл сайын ұйымдастырылатын беделді теннис турнирі. Бұл — жыл сайынғы төрт Үлкен дулыға жарысының ішінде хронологиялық тұрғыдан үшіншісі, ол Аустралия және Франция ашық чемпионаттарынан кейін, ал US Open-ге дейін өтеді. Аталмыш дода — әлемдегі ең көне теннис турнирі әрі жаһандық деңгейде ең беделді деп танылған бірегей бәсеке.
1877 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жаткан Уимблдон ашық шөп кортында ойналады; бұл — дәстүрлі жабын түрін әлі күнге дейін сақтап қалған жалғыз теннис мейджоры.
Турнир дәстүрлі түрде маусым-шілде айларында 2 аптаға созылып, бәсекенің шарықтау шегі — соңғы сенбі-жексенбі күндерінде болатын жекелей сындағы әйелдер мен ерлер финалымен аяқталады. Жыл сайын бес негізгі жарыс ұйымдастырылып, олармен қатар жасөспірімдер мен шақырылған ардагерлер бәсекелері де өтеді. Бұл турнир
Уимблдонның басты ерекшеліктері мен қалыптасқан дәстүрлеріне қатысушыларға арналған қатаң ақ түсті киім үлгісі (dress code) және патшалық қолдау кіреді. Турнир барысында дәстүр бойынша құлпынай мен кілегей тұтынылады, ал соңғы жылдары оларға қосымша ретінде шампан да ұсынылады. Басқа турнирлерден айырмашылығы — мұнда жарнама өте шектеулі әрі байқалмайтындай сипатта жүргізіледі, тек Slazenger мен Rolex секілді ресми серіктестердің ғана брендтері көрініс табады. Мысалы, Slazenger компаниясымен қарым-қатынас — турнирді 1902 жылдан бері доппен қамтамасыз етіп келе жатқан әлемдегі ең ұзаққа созылған спорттық демеушіліктердің бірі.
Рейтингтік ұпайлар ATP және WTA үшін Уимблдон турниріндегі рейтингтік ұпайлар жылдар бойы өзгеріп отырды, бірақ қазіргі уақытта жекелей ойыншылар төмендегідей ұпайлар алады:
Турнир кезеңіЖ (W)Ф (F)ЖФ (SF)ШФ (QF)1/81/161/321/64ЖекелейЕрлер 200013008004002001005010Әйелдер13007804302401307010ЖұптықЕрлер20001200720360180900 –Әйелдер130078043024013010 –
Жүлде қоры Жүлде қоры алғаш рет 1968 жылы, яғни кәсіпқой ойыншыларға чемпионатта алғаш рет қатысуға рұқсат етілген жылы берілді. Жүлде қорының жалпы сомасы £26,150 құрады; ерлер арасындағы жеңімпаз £2,000, ал әйелдер арасындағы жекелей сыйлықтың чемпионы £750 алды. 2007 жылы Уимблдон мен Франция ашық чемпионаты әйелдер мен ерлерге тең емес жүлде қорын беретін соңғы үлкен дулыға турнирлері болды.
ЖылЕрлер (жекелей)Ерлер (жұп)Әйелдер (жекелей)Әйелдер (жұп)Микст (жұп)Жалпы 1968£2,000£800£750£500£450£26,1501969£3,000£1,000£1,500£600£500£33,3701970£3,000£1,000£1,500£600£500£41,6501971£3,750£750£1,800£450£375£37,7901972£5,000£1,000£3,000£600£500£50,3301973£5,000£1,000£3,000£600£500£52,4001974£10,000£2,000£7,000£1,200£1,000£97,1001975£10,000£2,000£7,000£1,200£1,000£114,8751976£12,500£3,000£10,000£2,400£2,000£157,7401977£15,000£6,000£13,500£5,200£3,000£222,5401978£19,000£7,500£17,100£6,500£4,000£279,0231979£20,000£8,000£18,000£6,930£4,200£277,0661980£20,000£8,400£18,000£7,276£4,420£293,4641981£21,600£9,070£19,400£7,854£4,770£322,1361982£41,667£16,666£37,500£14,450£6,750£593,3661983£66,600£26,628£60,000£23,100£12,000£978,2111984£100,000£40,000£90,000£34,700£18,000£1,461,8961985£130,000£47,500£117,000£41,100£23,400£1,934,7601986£140,000£48,500£126,000£42,060£25,200£2,119,7801987£155,000£53,730£139,500£46,500£27,900£2,470,0201988£165,000£57,200£148,500£49,500£29,700£2,612,1261989£190,000£65,870£171,000£56,970£34,200£3,133,7491990£230,000£94,230£207,000£81,510£40,000£3,819,7301991£240,000£98,330£216,000£85,060£41,720£4,010,9701992£265,000£108,570£240,000£93,920£46,070£4,416,8201993£305,000£124,960£275,000£108,100£53,020£5,048,4501994£345,000£141,350£310,000£122,200£60,000£5,682,1701995£365,000£149,540£328,000£129,300£63,500£6,025,5501996£392,500£160,810£353,000£139,040£68,280£6,465,9101997£415,000£170,030£373,500£147,010£72,200£6,884,9521998£435,000£178,220£391,500£154,160£75,700£7,207,5901999£455,000£186,420£409,500£167,770£79,180£7,595,3302000£477,500£195,630£430,000£176,070£83,100£8,056,4802001£500,000£205,000£462,500£189,620£87,000£8,525,2802002£525,000£210,000£486,000£194,250£88,500£8,825,3202003£575,000£210,000£535,000£194,250£88,500£9,373,9902004£602,500£215,000£560,500£200,000£90,000£9,707,2802005£630,000£218,500£600,000£203,250£90,000£10,085,5102006£655,000£220,690£625,000£205,280£90,000£10,378,7102007£700,000£222,900£700,000£222,900£90,000£11,282,7102008£750,000£230,000£750,000£230,000£92,000£11,812,0002009£850,000£230,000£850,000£230,000£92,000£12,550,0002010£1,000,000£240,000£1,000,000£240,000£92,000£13,725,0002011£1,100,000£250,000£1,100,000£250,000£92,000£14,600,0002012£1,150,000£260,000£1,150,000£260,000£92,000£16,060,0002013£1,600,000£300,000£1,600,000£300,000£92,000£22,560,0002014£1,760,000£325,000£1,760,000£325,000£96,000£25,000,0002015£1,880,000£340,000£1,880,000£340,000£100,000£26,750,0002016£2,000,000£350,000£2,000,000£350,000£100,000£28,100,0002017£2,200,000£400,000£2,200,000£400,000£100,000£31,600,0002018£2,250,000£450,000£2,250,000£450,000£110,000£34,000,0002019£2,350,000£540,000£2,350,000£540,000£116,000£38,000,0002021£1,700,000£480,000£1,700,000£480,000£100,000£35,016,0002022£2,000,000£540,000£2,000,000£540,000£124,000£40,350,0002023£2,350,000£600,000£2,350,000£600,000£128,000£44,700,0002024£2,700,000£650,000£2,700,000£650,000£130,000£50,000,0002025£3,000,000£680,000£3,000,000£680,000£135,000£53,550,0002026£3,600,000£760,000£3,600,000£760,000£148,000£64,200,000
2012 жылғы өсімнің негізгі бөлігі ерте раундтарда ұтылып қалған ойыншыларға берілді. Бұл қадам төменгі орын алған ойыншылардың өз еңбекақысының жеткіліксіздігіне байланысты алаңдаушылығына жауап ретінде жасалды. ATP Ойыншылар кеңесінің мүшесі және сол кезде 68-ші орында тұрған Сергий Стаховский ерте раундтарда жарыстан шығып қалатын ойыншылардың төлемін арттыруды жақтап сөйлеген ең белсенділердің бірі болды. Сұхбаттарының бірінде Стаховский төменгі орын алған ойыншылардың нашар нәтиже көрсеткен жағдайда белгілі бір тур турнирлерінен кейін қаржылық қарызға батуы әдеттегі жағдай екенін меңзеді. 2013 жылы турнирдің ерте жекелей раундтарында ұтылғандардың сыйақысы 62%-ға дейін өсті, ал жұптық сайыстардың жалпы жүлде қоры 22%-ға өсті. Іріктеу матчы қатысушыларының жүлде қоры 41%-ға артты.
+ 2025 жылғы ерлер мен әйелдердің жүлде қорыТурнир сатысыW (Жеңімпаз)F (Финалист)SF (Жартылай финал)QF (Ширек финал)1/8 финал1/16 финал1/32 финалQ3Q2Q1Жекелей£3,000,000£1,520,000£775,000£400,000£240,000£152,000£99,000£66,000£41,500£26,000£15,500Жұптық£680,000£345,000£174,000£87,500£43,750£26,000£16,500 Жұптық сыйақылар әр командаға көрсетілген. Жеңімпаздар Қазіргі чемпиондар + 2026 жылғы Уимблдон чемпионаты
Соңғы финалдар 2026 жылғы турниЧемпионФиналистЕсеп Ерлер, жекелей сындар Янник Синнер Александр Зверев 6–7(7–9), 7–6(7–2), 6–3, 6–4 Әйелдер, жекелей сындар Линда Носкова Каролина Мухова 6–2, 5–7, 6–3 Ерлер, жұптық сындар Харри Хелиоваара Генри Паттен Марсело Аревало Мате Павич 7–6(7–4), 7–6(7–3) Әйелдер, жұптық сындар Го Ханьюй Кристина Младенович Габриэла Дабровски Луиза Стефани 6–3, 7–5 Аралас жұптық сындар Марсело Аревало Елена Остапенко Марк Полманс Сторм Хантер 4–6, 7–5, 6–2
Рекордтар
1877 жылдан бергі ерлер Рекорд Дәуір Ойыншы(лар) Саны Жеңіске жеткен жылдары Ең көп жекелей титулдарӘуесқойлар дәуірі Уильям Реншоу 7 1881–1886, 1889Ашық дәуір Роджер Федерер 8 2003–2007, 2009, 2012, 2017Қатарынан ең көп жекелей титулдарӘуесқойлар дәуірі Уильям Реншоу 6 1881–1886 Ашық дәуір Бьорн Борг Роджер Федерер 5 1976–1980 2003–2007Ең көп жұптық титулдарӘуесқойлар дәуірі Реджинальд Дохерти Лоуренс Дохерти 8 1897–1901, 1903–1905 Ашық дәуір Тодд Вудбридж 9 1993–1997, 2000 (Марк Вудфордпен), 2002–2004 (Йонас Бьоркманпен)Қатарынан ең көп жұптық титулдарӘуесқойлар дәуірі Реджинальд Дохерти Лоуренс Дохерти 5 1897–1901 Ашық дәуір Тодд Вудбридж Марк Вудфорд 1993–1997Ең көп микст титулдарыӘуесқойлар дәуірі Кен Флетчер Вик Сейксас 4 1963, 1965–1966, 1968 (Маргарет Кортпен) 1953–1956 (3 рет Дорис Хартпен, 1 рет Ширли Фрай Ирвинмен) Ашық дәуір Оуэн Дэвидсон Леандер Паес 1967, 1971, 1973–1974 (Билли Джин Кингпен) 1999 (Лиза Реймондпен), 2003 (Мартина Навратиловамен), 2010 (Кара Блэкпен), 2015 (Мартина Хингиспен)Барлық титулдар қосындысы(жекелей, жұптық және микст) Әуесқойлар дәуірі Лоуренс Дохерти 13 1897–1906 (5 жекелей, 8 жұптық) Ашық дәуір Тодд Вудбридж 10 1993–2004 (9 жұптық, 1 микст)
1884 жылдан бергі әйелдер Рекорд Дәуір Ойыншы(лар) Саны Жеңіске жеткен жылдарыЕң көп жекелей титулдар Әуесқойлар дәуірі Хелен Уиллс 8 1927–1930, 1932–1933, 1935, 1938 Ашық дәуір Мартина Навратилова 9 1978–1979, 1982–1987, 1990Қатарынан ең көп жекелей титулдарӘуесқойлар дәуірі Сюзанн Ленглен 5 1919–1923 Ашық дәуір Мартина Навратилова 6 1982–1987Ең көп жұптық титулдарӘуесқойлар дәуірі Элизабет Райан 12 1914 (Агата Мортонмен), 1919–1923, 1925 (Сюзанн Ленгленмен), 1926 (Мэри Браунмен), 1927, 1930 (Хелен Уиллс Мудимен), 1933–1934 (Симон Матьёмен) Ашық дәуір Мартина Навратилова 7 1976 (Крис Эвертпен), 1979 (Билли Джин Кингпен), 1981–1984, 1986 (Пэм Шрайвермен)Қатарынан ең көп жұптық титулдарӘуесқойлар дәуірі Сюзанн Ленглен Элизабет Райан 5 1919–1923 Ашық дәуір Мартина Навратилова Пэм Шрайвер / Наташа Зверева 4 1981–1984 1991 (Лариса Нейландпен), 1992–1994 (Гиги Фернандеспен)Ең көп микст титулдарыӘуесқойлар дәуірі Элизабет Райан 7 1919, 1921, 1923 (Рэндольф Лисеттпен), 1927 (Фрэнсис Хантермен), 1928 (Патрик Спенспен), 1930 (Джек Кроуфордпен), 1932 (Энрике Майермен) Ашық дәуір Мартина Навратилова 4 1985 (Пол Макнамимен), 1993 (Марк Вудфордпен), 1995 (Джонатан Старкпен), 2003 (Леандер Паеспен)Барлық титулдар қосындысы(жекелей, жұптық және микст)Әуесқойлар дәуірі Элизабет Райан 19 1914–1934 (12 жұптық, 7 микст) Ашық дәуір Мартина Навратилова 20 1976–2003 (9 жекелей, 7 жұптық, 4 микст) Қос дәуір Билли Джин Кинг 20 1961–1979 (6 жекелей, 10 жұптық, 4 микст)
Әр түрлі көрсеткіштер
Рекорд Ер/Әйел Ойыншы(лар) Мәліметтер Жыл(дар)Іріктеуден өтпей қатысып жеңімпаз атанғандарЕрлер Борис Бекер Горан ИванишевичРейтингте 20-орынРейтингте 125-орын 19852001Әйелдер Маркета ВондроушоваРейтингте 42-орын 2023Ең жас жекелей сынының чемпионыЕрлер Борис Бекер17 жас 7 ай 1985Әйелдер Лотти Дод15 жас 9 ай 1887Ең егде жастағы жекелей сынының чемпионыЕрлер Артур Гор41 жас 6 ай 1909Әйелдер Шарлотта Купер37 жас 9 ай 1908Ең төменгі рейтингпен жеңіске жеткендерЕрлер Горан Иванишевич 125-орын 2001Әйелдер Маркета Вондроушова 42-орын 2023Жекелей сындағы жеңіс пайызы %Ерлер Бьорн Борг 92.72% (51–4) 1973–1981 (Ашық дәуір)Әйелдер Штеффи Граф 90.36% (74–7) 1984–1999 (Ашық дәуір)Жекелей сындағы жеңіс саныЕрлер Новак Джокович 107 2005–2026 (Ашық дәуір)Әйелдер/ Мартина Навратилова 120 1973–2004 (Ашық дәуір)Ең көп ойналған матчтар саныЕрлер Жан Боротра 223 1922–1939, 1948–1964Әйелдер / Мартина Навратилова 326 1973–2006Қатарынан қатысқан турнирлер саныЕрлер Артур Гор 30 1888–1922Әйелдер Вирджиния Уэйд 26 1960–1985Ұзақтығы бойынша ең ұзақ матчЕрлер Джон Изнер — Николас Маю11 сағат 5 минут 2010Әйелдер Чанда Рубин — Патрисия Хи-Буле 3 сағат 45 минут 1995Ұзақтығы бойынша ең ұзақ финалЕрлер Новак Джокович — Роджер Федерер 4 сағат 57 минут 2019Әйелдер Линдсей Дэвенпорт — Винус Уильямс2 сағат 45 минут 2005Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы жекелей сынның екеуінде де жеңімпаз атанғандарЕрлер Бьорн Борг Пэт Кэш Стефан Эдберг Роджер Федерер19721982198319981976–198019871988, 19902003–2007, 2009, 2012, 2017Әйелдер Карен Хантце Энн Хейдон-Джонс Мартина Хингис Амели Моресмо Эшли Барти Ига Свентек196019561994199620112018196219691997200620212025
Елдер бойынша статистика Елдер бойынша статистика (2022 жылғы жағдай бойынша) Ерлердің жекелей сыны Әйелдердің жекелей сыны Ел Жеңіс саны Алғашқы жеңіс жылы 21 1907 37 1877 4 1985 1 1954 3 1966 1 1996 4 1910 7 2011 33 1920 7 1924 1 2001 1 1973 8 2003 7 1976 right|thumb|270px|1877–2008 жылдар аралығындағы ерлер арасындағы жекелей сын чемпиондарының есімдері жазылған құрмет тақтасы Ел Жеңіс саны Алғашқы жеңіс жылы 6 1965 3 1959 36 1884 9 1931 2 1994 1 2022 1 2004 1 2019 57 1905 8 1919 3 1998 1 1997
Тағы қараңыз Үлкен дулыға Франция ашық чемпионаты Аустралия ашық чемпионаты АҚШ ашық чемпионаты