thumb|right|200px| Асқар Меңдіахметұлы Қонаев (14 шілде 1929, Алматы – 31 наурыз 1999 жыл, Алматы) – ғалым-металлург, техника ғылымдарының докторы (1970), профессор (1972), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1981) және президенті (1974–1986), Қазақ КСР Еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1976).
Өмірбаяны Ысты руынан шыққан. Мәскеу болат және қорытпалар институтын бітірген (1951). 1951 – 53 жылдары Теміртау металлургия зауытында болат қорытушы 1953 – 88 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Металлургия және кен байыту институтында ғылыми қызметкер, институт директоры (1970 – 72) 1972 – 74 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті 1974 – 86 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Президенті. 1996 – 99 жылдары Қазақстан Ғылым Акадкмиясының Металлургия және кен байыту институтының құрметті директоры болды. Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері кен өңдеудің физика-химия кешенді технологиясын дамытуға арналған. кремнийге бай сирек кездесетін металл кендері мен фосфориттердің тотығуын және қалпына келуінің жаңа заңдылықтарын тапты; қорғасын өндірісі қалдықтарын электротермиялық жолмен қайта өңдеу әдісін металлургия өнеркәсібіне енгізді (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1972); басқа ғалымдармен бірлесіп, мыс, қорғасын және мырыш алудың КИВЦЭТ-тік технологиясын жасады (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1978); қатарынан фосфор мен кешенді легирлеуші қорытпалар алудың жаңа технологиясын жасады (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1982); өнеркәсіптік көлемде фосфорлы темір кенін өңдеу технологиясын жасап өндіріске енгізді (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1984). Жетістіктері 9 – 10-сайлауда КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Марапаттары Ленин ордені Қазан төңкерісі ордені; Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:14 шілдеде туғандар Санат:1929 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:31 наурызда қайтыс болғандар Санат:1999 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан металтанушылары Санат:КСРО металтанушылары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтының профессорлары Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары