Ниас () — Индонезиядағы арал, Үнді мұхитында орналасқан. Суматра батыс жағалауындағы аралдардың ең іріcі, оның ұзындығы 129 км, ені 48 км, ауданы 4772 км². Халқының көпшілігі анимизмге сенеді, австронезия тілдерінің диалектілерінде сөйлейді. Басты ауыл – Гунунгстоли солтүстік-шығыс жағалауда. Аралда мегалиттік ескерткіштер мен ағаш мүсіндер көптеп кездеседі, олар өлген ата-бабалары немесе көп табысты суреттейді.
Санат:Индонезия аралдары Санат:Үнді мұхиты аралдары Санат:Солтүстік Суматра Санат:Малай архипелагы