Лау Шаң (Лаошань)– Ғұндар мемлекетінің билеушісі.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

Лаошань, Лаошань Гиюй – б.з.б. 174 – 161 ж. Ғұндар мемлекетінің билеушісі, тәңірқұты (шаньюй). Әкесі Мөде қаған қайтыс болғаннан кейін көшпелі ғұн мемлекетінің тағына отырды. 166 ж. 140 мыңдық қалың қолмен Қытайды шауып, Қытайды өзіне жыл сайын салық төлеп тұруға мәжбүр етті. 165 ж. Жетісудағы үйсіндерді өз ордасына тәуелді етті. 161 ж. Лаошань үйсіндердің Іле-Жетісу өңіріндегі ұлы иозыларға жорық жасауына қолдау көрсетті.Сыма Цянь Шы жи (Тарихи жазбалар) 110 т., Хұндар тарауы, 50-ші баян 1-т., Пекин, 1997. Н. Мұқаметханұлы

Дереккөздер

Сілтемелер Тарих Ғұндар Қазақстан

Санат:Билеушілер