ЛЕНЦ ЕРЕЖЕСІ, электрмагниттік индукция процесі нәтижесінде пайда болатын индукциялық ток бағытын анықтайды. Оның тұжырымдамасын 1833 ж. Э.Ленц (1804 — 1865) ұсынған. Ленц ережесі бойынша: тұйықталған контурда пайда болатын индукциялық ток оны тудыратын магниттік индукция ағынының өзгеруіне қарсы әсер жасайтындай болып бағытталады. Ленц ережесі электромагниттік индукцияға арналған Фарадей заңының: Еі=–Ф/t оң жақ бөлігінің таңбасын анықтайды; мұндағы Ф контурдан t — уақытта өтетін магнит ағынының өзгеруі. Электромагниттік индукция құбылысы диамагнеттік эффекті де түсіндіреді. Зат магнит өрісіне тап болған кезде орбитада қозғалып жүрген әрбір электронға Лоренц күші әсер ете бастайды, ол әрбір электронға түсірілген центрге тартқыш күшті арттырады, не кемітеді (бұл электронның айналыс бағытына тәуелді болады). Бұл дегеніміз орбитаны және электронның айналыс жиілігін өзгертеді, ал бұл дегеніміз электронның орбиталық қозғалысқа сәйкес келетін дөнгелек тогын кеміту немесе арттыру дегенмен тең, әрі электрондардың дөнгелек тогы, егер олардың магнит өрісі сыртқы өріске қарсы бағытталса, күшейеді де, ал өріс бойымен бағытталса, онда кемиді. Сонымен, сыртқы өріс жоқ кезде диамагниттің молекуласындағы электрондардың дөнгелек токтары бір-біріп теңгеріп, молекуланың магнит моменті болмайтын болма, сыртқы өрісте бұл тепе-тендік бұзылады да, молекуланың сыртқы өріске қарсы бағытталған қорытқы моменті пайда болады. Бұл нәтижені Ленц заңынан тікелей шығады деуге болады: молекуладығы дөнгелек тоқтын өзгерісі индукциялық ток болып табылады және оның магнит өрісі оны тудырған сыртқы өріске қарсы бағытталған болуы тиіс. Пайдаланған әдебиет Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы

Санат:Физика